RU
Ақтөбеде жасы 60-тан асқанда ажырасатын ерлі-зайыптылар көбейген
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жасы 60-тан асқанда ажырасатын ерлі-зайыптылар көбейген

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік судьялар жастармен жарысып, 30 жылдан аса бірге тұрған ерлі-зайыптылардың ажырасып жатқанына алаңдап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: zhengazeta.ru

Көрнекі фото: zhengazeta.ru

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айгүл Абдуллинаның сөзінше, жастардың арасында тұрмыстық жағдайға байланысты және ортақ балалары болмағаннан ажырасып жатса, үлкендердің айтатын ортақ әңгімелері таусылғанын алға тартты.

"Біз татуласу рәсімдеріндерін жасайтын "Отбасылық сот" пилоттық жобасын жүзеге асырып келеміз. Мақсат - отбасын сақтап қалу. Ерлі-зайыптыларға психологиялық көмек беріледі. Неке бұзу туралы талап арыздардың басым бөлігі тұрмыстық жағдай, зорлық-зомбылық, тараптардың бірінің ішімдікке, есірткіге не азарт ойындарға әуес болғанынан. Ойынқұмар адамдар банктен көп несие алып, соңы ажырасуға алып келеді.
Араларында бала болмағандықтан ажырасып жатқандар бар. Сот отырысына келгеннен кейін олармен психологтар бірінші жұмыс істейді. Дауды бейбіт жолмен шешуді, қалай ымыраға келуді білмеу мәдениеттің жоқтығын білдіреді", - дейді Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айгүл Абдуллина.

Сонымен қатар, өңірде ата-әже болған ерлі-зайыптылардың арасында да сотпен ажырасатындар көбейген.

"Зейнет жасына келіп ажырасып жатқандар бар. Себебі олардың балалары өсіп кетеді. Олардың айтатын ортақ әңгімелері жоқ. Отыз жыл бірге тұрған, қазір бір үйде көршілер сияқты тұратын адамдар бар. Ондай кезде біз балаларын көмекке шақырамыз", - дейді судья.
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel