RU
Назарбаев: Елорда ешкім білмейтін қаладан алып шаһарға айналды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Елорда ешкім білмейтін қаладан алып шаһарға айналды

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XII Астана экономикалық форумына қатысуда. Тұңғыш президент алдағы жылдары әлем елдерінің экономикасы қалай өзгеретінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Елбасы бұл ретте әлем экономикасына әсер ететін төрт негізгі бағытта атап өтті.

"Біріншіден, халық саны артқанымен, ол кез келген экономикасы көрсеткіштерінің өсуіне әсер етпейді. Екіншіден, цифрлық дамуға көп көңіл бөлуіміз керек, яғни адамдар цифрлық тұрғыда сауатты болуы керек. Үшіншіден, адами капиталға деген сұраныс артып келеді. Яғни, мобильді, креативті ойлайтын адамдар қашан да үлкен сұранысқа ие болмақ.
Көптеген мамандық иелері бүгінде мамандықтарын алмастырып, басқа салаға бет бұруларына тура келіп отыр. Бұл фактор да көптеген елдерге экономиканы дамыту бағыттарын қайта қарауда талап етеді. Төртіншіден, қазіргі таңда қалаларға көп көңіл бөлінуде. Әлемде 55 пайыз халықтың бәрі қалаларда тұрады. Ал Қазақстанда 40 пайыз халық әлі күнге дейін ауылда тұрады.
Алдағы уақытта әлемде 10 адамның 7-еуі қалада өмір сүретін деңгейге жетеміз. Сол себепті қалаларды дамытуымызға көп көңіл бөлуіміз керек. Мысалы, астанамыз ешкім білмейтін қаладан күллі әлем танитын алып шаһарға айналды. Қазір елордадағы халық саны 1 миллионнан асады, ал Алматыдағы халық саны 2 миллионға жетті. Сол себепті қалаларды дамыту ісін жалғастыруымыз тиіс", - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумына жаһандық көшбасшылар, әлемнің белді саясеткерлері, сарапшылары, Қазақсатнның үкімет мүшелері қатысады.

Олар "жасыл экономика", қалалардың түрленуі, адами капиталды дамыту және т.б. өзекті тақырыптарда өз ойларын ортаға салатын болады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel