RU
"Қайрат қызғанатын": Жұлдыз Әбдукәрімова 19 жасындағы қызықтарын еске алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қайрат қызғанатын": Жұлдыз Әбдукәрімова 19 жасындағы қызықтарын еске алды

Рассказать Вконтакте

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова алғаш рет босанған соң жанұялық өмірде қандай қызықтар орын алғанын айтты. Бұл туралы Қайрат Нұртастың жұбайы өз Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ zhuldyzabdukarimovaofficial, kair_n

Фото: Instagram/ zhuldyzabdukarimovaofficial, kair_n

Айдарбековтер жанұясының келіні бірінші рет ана атанғанда жасы небәрі 19-да болған екен.

"Бұл тұңғышымыз - Сезім. Атасының қызы. Туғаннан бері сол кісінің қолында өсті. Ол кезде 19-да едім. Аса бір жерік те болмадым. Бәрі тыныш өтті. Босанған соң да қиындық тудырмады. Керісінше қарны тоқ болса, тып тыныш жата беретін.
Қазір ойлап отырсам, сол кезде қолында баласы бар бала болған екенмін. Қызым іңгәләп жатса да, әлди айтып, жұбатуды білмеппін. Үнсіз киіндіріп, үнсіз тамақтандыратынмын. Көп көңіл бөліп кетсем, Қайрат кәдімгідей қызғанатын",- дейді ол.

Осындай күндердің бірінде жұлдызды жанұяда қызықты жағдай орын алыпты.

"Қателеспесем, Сезімнің 3-4 айлық кезі. Әлі аунауды да білмейді. Ұйықтап жатқан әкесінің қасына "қарап қойшы" деп тастап кеткен едім. Сәлден кейін қызымның дауысы ас үйге дейін естілді. Барсам "бүлдіріп" қойыпты. Айналасының бәріне "таңба" қалдырған. Қайрат ұйықтап жатыр. "Жаялығымды ауыстыр" деп жыласа керек.
Әкесі ұйқылы-ояу жұбатпақ боп, кеудесіне жатқызып, тербетіп көрген. Болмаған соң қайта төсекке жатқызған. Екеуінің де сау тамтығы жоқ. Әбден күлдім. Кейін шай үстінде осы әңгімені енеме айтсам: "Қайрат та тура солай әкесінің үстін былғаған", - дейді. Қызық.. Әкеңе не қылсаң, алдыңа сол келедінің кебі", - деді қызы жайлы сөз қозғаған актриса.

Әбдукәрімованың айтуынша, солай өскен қыздары бүгін ибалы да инабатты.

"Сөйтіп өскен Сезім қызымыз жинақы, жауапкершілігі мол әрі кішіпейіл. Адамдардың көңіліне қарай иіліп тұрады. Жүрген жерінде жан-жағына қарап, байқап, содан кейін ғана бойын еркіндікке жібереді", - дейді Жұлдыз.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel