RU
Назарбаев: Сайлауға қайта түссем, халықтың маған 100 пайыз дауыс беретініне сенімдімін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Сайлауға қайта түссем, халықтың маған 100 пайыз дауыс беретініне сенімдімін

Рассказать Вконтакте

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайлауға түссе, Қазақстан халқының өзіне 100 пайыз дауыс беретініне сенімді екенін жеткізді. Бұл туралы ол Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Астана экономикалық форумында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Шетелдік меймандардың сауалына жауап берген Елбасы, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ел экономикасын көтеруде қандай жолдарды таңдағанан айтып берді. Тұңғыш президент сонымен бірге, бес рет президенттік сайлауға түсіп, олардың барлығында жеңіске жеткендігін сөз етті.

"Бес рет сайлауға түсіп, жеңіске жеттім. Қай ел болмасын, жетістіктерге жету үшін, президент халықпен бірге болуы керек. Әр сайлау сайын маған 85 пайыздан кем дауыс бермейтін. Биыл менің мандатым жалғасқанымен, мен президенттік өкілеттікті тапсыру туралы шешімге келдім. Бірақ егер сайлауға қайта түссем, халықтың маған 100 пайыз дауыс беретініне сенімдімін",-деді Елбасы.

Елбасы шетелдік меймандарға тәуелсіздік жылдары қолға алынған бірқатар жобаларды тізіп берді.

"Біз индустриалды дамыту бағдарламасын әзірлеп, қайта өңдеу бағдарламасын дайындадық, 7-20-25 бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Сол сияқты бағдарламалар өте көп",-деді Елбасы.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel