RU
Қызылорда облысында үшем дүниеге келді
Жаңалықтар Қоғам

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысының Шиелі ауданында тұратын Жандос Мақатаев пен Жазира Ертаеваның отбасында бірінші мамыр күні үш бірдей қыз бала дүниеге келді. Оларға Айбибі, Айша және Ақнұр деген есім берілді деп хабарлайды Сыр бойы газеті.

фото: Сыр бойы газеті

фото: Сыр бойы газеті

Облыстық перинатал­ды орталықта аман-есен нәрес­телерін дүниеге әкелген Жазира екі аптадай ауруханада жатты.

"Жүктіліктің 12 аптасында кезекті УДЗ-ға түстім. Сонда маған құрсағымда үш бала бар екенін айтты. Жолдасым екеуміз сенер-сенбесімізді біл­медік, бірақ Алланың берген сыйы ғой, қатты қуандық", - деді ол.

Жазира жүк­тіліктің 35 аптасында ота арқылы босануына тура келгенін жеткізді.

Оның сөзінше, алғашқы екеуі екі келіден асып, үшіншісі екі келіге жетпей өмірге келіпті.

Бақытты ана Айару есімді 3 жастағы қызына үш бірдей сіңлі сыйлағанына қуанышты екенін алға тартты.

Халықаралық "Отбасы күні" мерекесіне орай үш­ем­дер салтанатпен үйлеріне шы­ғарылды.

Шиелі ауданы әкім­дігі мен ауданаралық аурухана сәбилерге қоларба сый­­ласа, облыстық перинатал­ды ор­талық атынан киім-ке­шек­тер жиынтығы тарту етіліпті.

Шиелі ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орын­басары Бақтыгүл Мұса­ға­лиеваның айтуынша, бұл ауданда соңғы он жылда дү­ниеге келген алғашқы үшем екен.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel