RU
"Есінен адасты": Бритни Спирс сахнадан мәңгілікке кетуі мүмкін
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Есінен адасты": Бритни Спирс сахнадан мәңгілікке кетуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Америкалық әйгілі әнші Бритни Спирс бұдан былай сахнада өнер көрсетпеуі мүмкін. Жұлдыздың менеджері Ларри Рудольф TMZ порталымен өткен сұхбат барысында осылай деді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram/britneyspears

Фото: instagram/britneyspears

Бүгінде жұлдыздың жағдайы нашаралауда. Ал дәрі-дәрмектер әсер етуін мүлде қойған. Жанкүйерлерді әншінің Лас-Вегасте өтеді деп жоспарланған концерті бола ма деген сауал мазалап жүр.

Әнші 2019 жылдың 13 ақпанынан бастап ән кештерін бермек болған.

Бұл сұраққа жауап беру кезінде әншінің менеджері оның денсаулығына байланысты жақын күндері Лас-Вегаске бармайтынын айтты.

Сондай-ақ, әнші енді сахнаға мүлде оралмауы да мүмкін екен.

"Дәрі-дәрмектер әсер етуін қойғандықтан, оның барлық концерттерін кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Ол әкесінің ауруына байланысты есінен ауысты", - деді Рудольф.

Анықталғандай, Бритни Спирс әкесінің ауыр науқасқа шалдыққанын білген соң күйзеліске түскен.

Осыған байланысты әнші психиатриялық ауруханаға жатуға шешім қабылдап, сол жерде бір айдың көлеміндей жатқан.

Қараша айында 66 жастағы Джеймс Спирс тоқ ішегі жарылып, өлім аузынан аман қалған. Бритни 2008 жылдан бері өзінің асыраушысы болған әкесінің дертін өте ауыр қабылдапты.

Сонымен қатар, Бритни әкесінің рұқсатынсыз, тіпті, тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкеле алмайды.

Жанкүйерлер арасында "Бритниді психиатриялық клиникада күштеп ұстап отыр" деген алып-қашпа әңгімелер тарай бастады.

Жуырда өткен сот кезінде әнші психиатриялық ауруханаға өз еркімен түспегенін, әкесінің оны сол жерге күштеп жатқызып, психотропты дәрі-дәрмек қабылдауға мәжбүрлегенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel