RU
"Таң қаласыңдар": Нұрлан Еспанов өз ұлын жер-көкке сыйғызбай мақтады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Таң қаласыңдар": Нұрлан Еспанов өз ұлын жер-көкке сыйғызбай мақтады (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Нұрлан Еспанов ер жеткен ұлын жер-көкке сыйғызбай мақтады. Эстрада жұлдызы баласы Олжас Еспановпен бірге "39 квадратных метров" бағдарламасына келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлын тоқтаусыз жарнамалаған видеоны Нұрлан Еспанов өз Instagram парақшасында жариялады.

Әнші жобада баласы Олжастың таланты екенін айтып, мақтанған.

"Мен енді өте танымал азаматпын ғой. Маған жарнаманың қажеті жоқ. Мен баламды алып келдім. Баламның қандай талант екенін көрсеңдер ғой. Шашы жоқ, бірақ шашын жан-жаққа лақтырады ғой. Билеген кезде таң қаласыңдар. Футбол ойнағанда түбін түсіреді ғой. Актерлік шеберлігін көрсеңдер, сендірудің атасы", -дейді ол.

Ал бағдарламаға әкесімен еріп келген Олжас үндемеуді жөн көрген сыңайлы.

Осылайша, әзіл аралас жобада бой көрсеткен Еспановтар жұрттың көңілін көтерді. Желі қолданушылары әкесі мен ұлына ұзақ ғұмыр тіледі.

Сіздің реакцияңыз
17
0
2
2
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel