Выйти
RU

Өскемен көшесінде ер адамға қарғалар шабуылдады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскеменде алаңсыз келе жатқан жүргіншіге қарғалар шабуылдады. Оқиға куәгері бұл әрекетті видеоға түсіріп алған деп хабарлайды Устинка LIVE-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өскеменде көшедегі жүргіншіге қарғалар шабуылдады (видео)

Көрнекі сурет: poveriya.ru

Видеода кетіп бара жатқан қала тұрғынына тап берген құстарды көруге болады. Ер азамат өзін қолдарымен жабуға тырысады, алайда екі құс кезектеп оған шабуылдайды.

"Сұмдық! Олар әдейі шабуылдап жатыр!", - дейді пәтер терезесінен видеоға түсіріп тұрған куәгер.

Роликті әлеуметтік желіге жүктеген бойжеткен қала қызметтеріне келіп, құстарды атып тастауды өтінген.

"Қала ішінде немесе басқа да елді мекен аумағында құс атуға қатаң тыйым салынады. Иттерді ататын арнайы қызмет бар, бірақ олар ұйықтататын оқтар пайдаланады", - деп түсіндірді Өскемен қаласының ауыл шаруышылық және мал дәрігерлігі бөлімінде.

Бойжеткеннің мұндай өтінішін желі қолданушылары сынға алған.

Орнитологтардың сөзінше, құстар ұяларын қорғап жүрсе керек. Олардың балапандары шығатын кез дәл осы уақытқа сәйкес келеді екен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскемен көшесінде ер адамға қарғалар шабуылдады (видео)