RU
"Алып кетем деді": Оралдық қыз қайтыс болған құрбысының маза бермегенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Алып кетем деді": Оралдық қыз қайтыс болған құрбысының маза бермегенін айтты

Рассказать Вконтакте

Оралдық Маржан есімді бойжеткен осыдан бірнеше жыл бұрын құрбысының өз-өзіне қол жұмсағанын айтып, мұңын шақты. Алайда жаны тыныштық таппаған марқұм аруға да тыным бермеген ұқсайды. Бойжеткеннің түсіне кіріп, оны өзімен бірге алып кетуге уәде берген құрбысының сөзі қызды шошытқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: galerey-room.ru

Фото: galerey-room.ru

Құрбысының жауапсыз махаббаттан көз жұмғанын айтқан бойжеткен оның өліміне өзін кінәлі сезінетінін жасырмады.

"Менің құрбым Марал сүйіктісінің опасыздығына шыдамай өзіне қол жұмсады. Ол Ағлан есімді жігітпен кездесіп жүрген кезде, оның басқамен көңіл жарастырғанын білді.

Сатқындықты көтере алмаған құрбым тамырын кесіп, жуынатын бөлмеде ұйықтап қалған. Қыздың денесін анасы тауып алған.

Құрбымның өмірден озғанын естіп, қайғыдан құса болдым. Оған дер кезінде қолдау көрсетпегенім үшін жылдар бойы өзімді жазғырдым", - дейді бойжеткен.

Сондай-ақ, ол соңғы кездері түсіне құрбысының жиі кіретінін айтты. Оның сөзінше, марқұм ару Маржанды сағынғанын, ең жақын құрбысымен бірге болғысы келетінін айта бастаған екен.

"Бірнеше жыл өткеннен кейін Марал түсіме кіре бастады. Бірде ұрысып, бірде жылап, әлдебір ренішін айтып жатты. Менің қазіргі өмірім жайлы сұрақтар қойып, болашағымды болжап отырды.

Уақыт өте ол ашуланып, мені өзімен бірге алып кететінін айтып, әлдебір мазарды көрсете берді. Мен есімнен ауысуға шақ қалдым.

Жағдайымды көрген анам мен сүйіктім істі қолға алу керек екенін түсінді" - деді кейіпкер.

Тығырыққа тірелген ару жындыханадан бір-ақ шыға жаздаған.

"Балгерлер мен емшілерге барғаныммен түк шықпады. Марал түсіме кіріп, одан сайын ашулана бастады. Бірде ол жерленген жерге барып келуді жөн көрдім. Содан кейін жеңілдеп қалдым. Шынымды айтсам, Марал да келуін сиретті. Мен ол жатқан жерге жиі барып тұруға уәде бердім. Қазір құрбым түсіме мүлде кірмейді", - деп жан сырын ақтарды бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
1
17
5
14
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel