RU
Харам: Мүфтият мұсылмандарға қандай тағам жеуге болмайтынын мәлімдеді

Харам: Мүфтият мұсылмандарға қандай тағам жеуге болмайтынын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның мұсылмандары діни басқармасындағылар қандай жануар мен құстың, жәндіктің еті харам болып саналатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:interpress.az

Фото:interpress.az

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылардың айтуынша, ислам дінінде кейбір жануарлардың етін жеуге болмайды. Бұл тыйымдарда көптеген хикметтер бар. Мұсылмандар бұл хикметтерді білмесе де, дінде тыйым салынған нәрселерді жасамауы керек.

"Азықтардың адамға жақсы немесе жаман әсері болатыны сөзсіз. Дүниесін және ақыретін ойлайтын адам дініміздің халал деген нәрселерін жеп, харам деген нәрселерінен тыйылуы керек", - деді діни басқармадағылар.

Қандай тағамдар харам саналады?

Тікелей харам болып саналатын нәрселерге өлексе, доңыз еті және шарап жатады. Мүфтияттың ақпаратына сәйкес, таза бірақ жиіркенішті нәрселерді де жеуге болмайды.

Олардың ішіне бақа, қаны болмайтын құрт-құмырсқа, жемістің, еттің ішіндегі құрт кіреді.

Діни басқармасындағылардың мәліметінше, сойылмай, пышақпен шаншып немесе қылқындырып, дәрімен уландырып, электр тоғымен өлтірілген құрлықтағы жануарлар да осы қатарда. Яғни олар өлексе немесе арам өлген болып саналады.

"Бұларды жеу харам болады. Тезек және басқа да нәжіс нәрселерді жеген жануардың еті сасық болса, оны жеу мәкрух болады. Таза нәрсемен қоректеніп, жаман иісі қалмаса, жаиз (жемеген абзал) болады. Нәжіс жеген тауық, қой және сиырды сол күні сойып жеу - мәкрух", - дейді діни басқармадағылар.

Қандай жануарлардың етін жеуге болмайды?

Олардың қатарына: доңыз, қасқыр, аю, арыстан, жолбарыс, қабылан, панда, қара қабылан, гепард, ягуар, пума, тиін, бұлғын, сусар, сасықиісті, маймыл түрлері (шимпанзе, павиан, гибон, орангутан), қорқау, піл, ит, мысық, шошқа, борсық, сілеусін, шибөрі, түлкі, ақ тышқан, иттісті жыртқыш жануарлар кіреді. (Шафии мазһабында түлкі, қорқау, бұлғын, тиін және ақ тышқанды жеуге болады)  

Мұсылмандарға қандай құстың етін жеуге болмайды?

Қорегін тырнағымен аулайтын және өлексемен қоректенетін лашын, бүркіт, ителгі, құзғын, күшіген, қарға, жарғанат, қаршыға, сұңқар, шағала, ләйлек, фламинго, эгрет, таз тырнақұтан секілді құстарды жеуге болмайды.

Жеуге болмайтын жәндіктер қандай?

Топырақ ішінде ұясы болған кішкентай жануарлар халал емес.

Тышқан, шаян, жылан түрлері, кесіртке, қолтырауын, кене, бақа, тасбақа, ұлу, ара, маса, шыбын, көртышқан, кірпі, ағаш қандаласы, бит, бүрге секілді жәндіктерді жеуге болмайды (Шафии және Малики мазһабтарында кірпі мен кесірткені жеуге болады)

Қандай теңіз жануарларын жеуге болмайды?

Ханафиден басқа үш мазһабта теңіз жануарларының барлық түрін жеуге болады.

Ханафи мазһабында балық түрінде болмаған ешбір теңіз жануарын жеуге болмайды. Мысалыға: сегізаяқ, кальмар, сия балығы, атбасты теңіз балығы, сойдақтісті, медуза, итбалық секілді жануарлар және краб, мидия, устрица, омар, шаян, асшаян, теңіз ұлуы секілді теңіз жәндіктерін жеуге болмайды. Арқан балық, камбала, дельфин, акула, және жылан балығын жеуге болады. 

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel