Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй жағдайында слайм жасау білесіз бе?

Опубликовано:

Слайм (немесе лизун) — балалар арасында өте танымал. Аталған ойыншықты сауда нүктелерінен табуға болады. Алайда оның құрамы денсаулыққа зиян тигізбейтініне ешкім кепіл бола алмайды.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Слаймды желімсіз қалай жасауға болады?

Слайм жасаудың бірнеше тәсілдері бар. Бірақ ол тәсілдер үшін желім қажет. Егер жаныңыздан желім табылмаса, ештеңе етпейді. Слаймды онсыз қалай жасауға болатынын біліңіз.

Сізге мынадай материалдар қажет:

  • сусабын — 100 мл;
  • су — 100 мл;
  • крахмал — 200 г;
  • бояғыш— қалауыңызға қарай.

Пластикалық немесе шыны ыдысқа крахмал сеуіп, су құйып, түйіндер қалып қоймас үшін жақсылап араластырыңыз. Кішкене сусабын мен бояғышты қосыңыз. Ыдыстың бетін қақпақ не пленкамен жауып, тоңазытқышқа 12 сағатқа қойып қойыңыз.

Слаймды желімсіз дайындаудың басқа да тәсілі бар. Ол үшін мынадай қажет болады::

  • сұйық сабын — 2 ст. л.;
  • тіс пастасы— 1,5 ст. л. (шамамен 20 мл);
  • ұн — 2,5 ст. л.

Металлдан жасалған ыдысқа тіс пастасын сығып алыңыз. Содан соң сабын құйып, паста еритіндей жақсылап араластырыңыз. Артынан ұн қосып, түйінді қалмайтындай жиірек араластырып тұрыңыз. Соңында су сеуіп, қайта араластырыңыз.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Тетраборатсыз слаймды қалай жасаймыз?

Бора немесе тетраборат — классикалық слаймның құрамында бар екінші танымал зат. Оны дәріханадан рецептсіз немесе шаруашылық дүкендерінен ала аласыз. Бора слаймның құрамын жақсартады. Дегенмен оның көмегінсіз де жақсы өнім шығаруға болады.

Слаймды дайындау үшін келесі ингредиенттер қажет:

  • ПВА желім — 50 г;
  • ас содасы— 1 ш.қ.;
  • су— 100 мл;
  • бояғыштар— қалауыңызға қарай.

Желімді жарты су нормасымен араластырып, бояғышты қосыңыз. Қалған сумен соданы сөндіріп, сулы-желімді сұйықтыққа қосыңыз. Араластырыңыз.

Слаймды ермексаздан жасаңыз. Ол үшін мына заттар қажет:

  • желатин — 1 пакет;
  • ермексаз — 100 г;
  • су — 50 мл.

Желатинге суық суды құйып, жақсылап араластырып, бір сағатрқа қойып қойыңыз. Содан кейін суға малынған желатинді қайнату керек болады. Біраз уақыттан кейін оны оттан алып тастаңыз. Ермексазды басқа ыдысқа салып, суға бұқтырыңыз. Ермексаз ери бастамағанша қыздыра беріңіз. Содан кейін салқындап қалған желатинді ермексаздың үстіне құйыңыз. Илеңіз.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Слаймды қырынуға арналған көбіктен қалай жасауға болады

Слаймды мына ингредиенттермен жасасаңыз, өкінбейсіз. Көбіктен жасалған лизун ұстанғанда жағымды болып тұрады. Сізге мына нәрселер керек:

  • көбік — 20 мл;
  • ПВА жілім — 80 мл;
  • тетраборат — 1 ч. л.;
  • сұйық сабын — 20 мл;
  • бояғыш және иістендіруші — қалауыңызға қарай.

Көбік, сабын мен желімді араластырып, ақырын тетраборатты асықпай құйып алыңыз. Бояғыш пен иістендіргішті қосыңыз. Егер о баста сапалы желім қолданған болсаңыз, слайм бірден қоюлана түседі.

Аталған рецепттің басқа нұсқасында тетраборат жоқ. Тек желім мен көбікті араластыру қажет. Қолға жабыспас үшін сұйықтықты ұзақ уақыт араластыру керек болады.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Шар мен ұннан жасалған антистресс: танымал рецепт

Ойыншықтардың кең таралған танымал түрі - доп іспеттес антистресс. Оны жасау үшін: сапалы шар, ұн немесе крахмал, бос бөтелке (немесе пластикалық құйғыш), ағаш таяқ, қайшы, кез келген әсемдеуіш құралдар қажет.

Ойыншық-антистрессті былайша жасаңыз:

  1. Шар созылмалы болу үшін оны бірнеше рет үрлеп, желін қайта шығарыңыз.
  2. Шарды ұнмен жақсылап толтыру үшін бөтелкені қолданыңыз. Бөтелкенің бас жағын құйғыш секілді етіп кесіңіз.
  3. Содан соң, шарды бөтелкенің басына абайлап кигізіп, құрғақ ингредиенттерді шардың ішіне ағаш таяқшамен итеріп салыңыз.
  4. Шарды абайлап шешіп, ұшын қатты байлап тастаңыз. Шығып тұрған бұрышын қайшымен қиып қойыңыз.
  5. Ойыншықты қалауыңыз бойынша әсемдеңіз. Балалар шардың сыртына түрлі бет әлпеттердің суретін салғанды ұнатады.

Ойыншықты бірден қолданып, кез келген жерде сақтауға болады.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Түссіз слаймды өз қолыңызбен жасаңыз

Бұл тәсілдің бір ерекшелігі - сіз дайын болған слаймға түрлі әсемдеуіштерді (бисер немесе жылтыр) қосып, оны қайталанбас ете аласыз.

Ол үшін: түссіз желім - 100 мл, бор қышқылы - ½ ш.қ., ыстық су - 200 мл, бөлме температурасындағы су - 2 ш.қ. керек.

Егер түссіз слаймды әсемдегіңіз келсе, қосымша түрлі жылтырларды алдын ала дайындап қойыңыз. Содан соң, мына әрекеттерді жасаңыз:

  1. Бор қышқылы мен ыстық суды жақсылап араластырыңыз. Қоспаның түссіз болғанына көз жеткізіңіз.
  2. Бөлек ыдысқа желімді салып, оған бір қасық су қосыңыз. Араластырыңыз.
  3. Келесі деңгей - бор қышқылын қосу. Ең бірінші, желімге 2-3 а.қ. ерітіндіні қосып, араластырыңыз. Қоспа жабысқақ болуы қажет.
  4. Содан соң, ингредиенттердің сапасын жақсарту үшін слаймды қолмен илеңіз. Егер оның тым тығыз болып бара жатқанын байқасаңыз, тағы желімді құйыңыз. Ал одан кейін қоспа шектен тыс жабысқақ болса, біраз бор қышқылын қосқан жөн.

Мұндай слайммен ойнаған кезде, оның арасында көпіршіктердің пайда болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Оны бастапқы күйіне қайтару үшін бірнеше күн тіспей тұрыңыз. Міндетті түрде герметикалық контейнерде немесе целлофанда сақтаңыз.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Көгілдір слайм: әзірлеудің ең оңай жолы

Теңіз толқыны түсті слайм - бұл қызықты әрі көз тартарлық ойыншық.

Қолайлы негізді жасап, оны керек түске бояу үшін: жылы су- ½ стақан, кез келген сусабын - 15 г, ұн- шамамен - 100 г, көк және жасыл гуашь немеес көгілдір түсті ас бояуыш қажет.

Қауіпсіз ойыншықты былайша жасаңыз:

  1. Суға сусабын қосып, көбігін ажыратпай ақырындап араластырыңыз.
  2. Сабынды сұйықтыққа араластыра отырып аздап ұн қоса бастаңыз.
  3. Лизун дайын бола бастағанда бірнеше тамшы бояуышты қосыңыз. Бір түс пайда болмағанша слаймды жақсылап араластыра беріңіз.
  4. Дайын болған өнімді тоңазытқышта бір сағатқа жуық уақыт сақтап тұру керек.

Нәтижесінде ең танымал слайм пайда болады. Оның бір ғана кемішілі бар. Ол ұзақ уақыт қызмет ете алмайды.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Үлкен қызғылт түсті слайм: танымал рецепті

Уақытыңызды барынша кетіру үшін үлкен қызғылт түсті лизунды дайындаңыз. Мұндай ойыншықтар Instagram-да өте танымал, бірақ оларды интернет-дүкендерден сатып алудың қажеті жоқ.

Бар болғаны мыналарды сатып алу жеткілікті: кеңсе желімі - 2 түтік, қырынуға арналған көбік — 1 үлкен құты, қолға арналған крем — ½ түтік, балаларға арналған сепкіш— қалауыңызға қарай, дене лосьоны — 1 а.қ., қызыл бояғыш, жууға арналған гель.

Барлық компоненттерді келесі ретпен араластырыңз.

  1. Үлкен ыдысты желім мен қырынуға арналған көбікпен толтыврып қойыңыз. Осы өнімдерді жақсылап араластырыңыз.
  2. Дайын қоспаға қолға арналған кремді қосып, кейіннен сепкішті себіңіз. Бір қалыпты болу үшін жақсылап араластырыңыз.
  3. Кішкене ғана денеге арналған лосьонды қосып, бояғышты себіңіз. Жақсылап араластырыңыз. Қоспаның тығыздығын көбік пен сепкішті қосып отырып, бақылаңыз.
  4. Ыдыстағы қоспа слаймға ұқсауы үшін оған аздап кір жууға арналған гельді қоса бастаңыз. Ең бастысы - бірден көп құймаған жөн. Әйтпесе лизун қатты болып шығуы мүмкін.

Дайын болған ойыншық көлемді болуы міндет.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Ермексаздан жасалған баттер-слайм из пластилина: үй жағдайында қалай жасаймыз

Баттер-слайм - жұмсақ майды еске түсіретін өте нәзік лизун. Мұндай слаймның рецептін қайталау қиынға соқпайды.

Сізге келесі заттар қажет болады: жеңіл ермексаз, ПВА желімі - 120 г, қырынуға арналған көбік - 1 құты, балаларға арналған сепкіш және крахмал — шамамен 50 г, қолға арналған крем және сусабын — 20-30 г, бояғыш — қалауыңызға қарай, натрий тетрабораты.

Ермексаз мұндай ойыншық үшін мінсіз негіз болады. Дайындық жұмысын жүргізіңіз:

  1. Желім мен көбікті біркелкі етіп араластырыңыз, содан кейін құрғақ ингредиенттерді қосыңыз.
  2. Қоспаны жақсылап илегеннен кейін, сол ыдысқа крем мен сусабынды құйыңыз. Қайтадан бәрін мұқият араластырыңыз.
  3. Егер бояғышты пайдалансаңыз, оны осы кезде қосыңыз. Оның түсі ермексаздың түсімен сәйкес келсе, тіпті жақсы.
  4. Бұдан әрі слайм қоюлану керк. Ол үшін натрий тетраборатын сумен араластырып, қалған өнімдерге аздап қосыңыз. Қажетті консистенцияға қол жеткізгенде, қоспаны қолыңызбене илеңіз.
  5. Ермексаз бен слаймды жақсылап қолмен араластыру қажет.
Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Флаффи-слайм: классикалық рецепт

Күн сайын көптеген әлеуметтік желілердегі аккаунттар керемет әуе лизундарының видеосын жариялап отырады. Үй жағдайында осындай өнімді жасау үшін: ПВА желімі — үш түтік, мөлдір желім — жарты банкі, су— шамамен 30-50 мл, жұмсақ саз балшық — мүмкіндігінше, қырынуға арналған көбік — ¼ құты, кез келген бояғыш — қалауыңызға қарай, қоюландырғыш (бор қышқылым немесе натрий тетрабораты) — қанша қажет болса.

Осы рецепт бойынша сіз суретке ұқсас жұмсақ флаффи-слаймды жасай аласыз. Келесі жұмыс кезеңдерін орындаңыз:

  1. Терең ыдысқа барлық желімді құйыңыз. Біраз су қосып, мұқият араластырыңыз.
  2. Егер жұмсақ балшық таба алған болсаңыз, оны жабысқақ қоспаға қосып жақсылап біріктірніңіз.
  3. Сол ыдысқа алдын ала жақсылап шайқалған қырынуға арналған көбікті қосыңыз. Осы кезде бояғышты да кұйып, араластырсаңыз болады.
  4. Соңғы кезең - қоюландырғышты қолдану. Оның мөлшері слаймының консистенциясына қарай анықталады.

Повторить этот рецепт можно также без использования клея ПВА и глины, однако результат получится не таким качественным.

Бұл рецепті ПВА желімі мен сазды қолданбай-ақ қайталауға болады, бірақ нәтиже айтарлықтай сапалы бола қоймас.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

Тіс пасатсы мен сұйық сабыннан жасалған кермет слайм: жеңіл рецепт

Егер сіз өте созылмалы слаймды қаласаңыз, тіс пастасымен жасалатын осы тәсілге назар аударуды ұсынамыз. Әзірлеу үшін: хош иісті сұйық сабын, тіс пастасы, бояғыш және аз ғана ұн пайдаланыңыз.

Аталмыш рецепт өте қарапайым, келесі әрекеттерді жасаңыз:

  1. Сабын мен тіс пастасын тең мөлшерде қосу керек, сондықтан ингредиенттердің аз мөлшерін араластыра бастап, біртіндеп көлемін ұлғайтыңыз. Қоспаға бірден бояғышты қосып, араласыңыз.
  2. Ыдыстағы сұйықтықты қоюландыру үшін ақырындап ұн себіңіз.
  3. Лизунның ішінде түйін жоқ екеніне көзіңіз жеткенде, ыдысқа кішкене су құйып, жабысқақ слайм жасаңыз.

Поскольку компоненты такой игрушки могут быстро высохнуть, лучше хранить лизун из пасты в герметичной посуде.

Мұндай ойыншықтың компоненттері тез кеуіп кетуі мүмкін, сол себепті тіс пастасынан жасалған лизунды герметикалық ыдыста сақтау қажет.

Фото: YouTube.com
Фото: YouTube.com: UGC

ПВА желімі: танымал антистрессті қалай әзірлеуге болады

Біз хендгамды жасаудың тағы бір оңай жолын ұсынамыз. Бұл рецептпен әзірленген слайм қолға мүлде жабыспайды. Сізге келесі ингредиенттер керек: ПВА желімі — 240 г, кез келген ас бояуыш, натрий тетраборатының ерітіндісі — 60 мл.

Келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Бояғыш пен желімді мұқият араластырып, қоспаға қоюландырғышты қосыңыз.

2. Дайын болған қоспаны араластырған кезде, оның қабыршықтанғанын байқайсыз. Алаңдамаңыз, осылай болуы шарт.

3. Қою бөлігін алып, одан қалған барлық сұйықтықты сығып алыңыз. Антистресс дайын.

Слайм жасаудың шығармашылық процесі балаларға және олардың ата-аналарына ұнауы мүмкін. Өзіңіз қызық деп тапқан кез келген рецептті таңдап, тәжірибе жасап көріңіз.

Слаймды дайындау рецепттері өте көп. Сіз ең қарапайым ингредиенттерді пайдалана отырып, өзіңіздің рецептіңізді құрастыра аласыз. Егер химиялық заттарды пайдалансаңыз, өте сақ болыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794320-j-zagdajynda-slajm-zasau-bilesiz-be/

pixel