RU
Алматыда автобус жүргізушісі жолаушымен жаға жыртысты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушымен жаға жыртысты (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушы арасында төбелес орын алды деп хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушымен төбелесті (видео)

Фото: Видеодан скриншот

Видео Facebook парақшасында жарияланған. Астында жүргізуші бірнеше аялдаманы тоқтамай өтіп кеткен. Бұл жолаушылардың ашуын тудырған.

"Алматы қоғамдық көлік өкілдері, шара қолданыңыздар! Бүгін 16.05.2019 таңғы сағат 07:15-те 137 автобуста келе жатқанбыз. Қайрат ықшамауданында жүргізуші аялдама жоқ деп екі аялдамадан өтіп кетті. Адамдар жұмыстарына асығып барады. Сондықтан осындай жанжал шықты! Басынан бастап түсірген жоқпын, бірақ осының өзі жеткілікті деп ойлаймын. Жолаушылардың қауіпсіздігін ойлап, жүргізушілердің психикалық жағдайын тексеріңіздер", - деп жазды видео автор және куәгер Мәдина Иманқұлова-Мыңжасарова.

Қазақпарат агенттігінің мәліметінше, «Алматыэлектротранс» ЖШС ақпаратты растады.

«Бүгін таңғы сағат 7:15-те №137 маршруттық автобуста  жүргізуші мен жолаушы арасында  кикілжің болған. Жүргізуші рейстен алынды», – делінген компанияның мәліметінде. 

Аталмыш оқиға бойынша  автопарк тарапынан тексеру жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
5
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel