RU
"Ғаламшардың жүрегі": Димаштың Кремльдегі концертін көргендер көз жасына ерік берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ғаламшардың жүрегі": Димаштың Кремльдегі концертін көргендер көз жасына ерік берді

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі Кремль төрінде өткен концертін көрген тыңдармандары көз жасына ерік бергендерін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әншінің концертінің толық нұсқасы Youtube парақшасында жарияланған.

Димаш концерттің ашылуын мұсылманша амандықтан бастап, қазақ тіліндегі бірнеше ән айтқан.

Жарық жұлдыз өз кешінде домбырамен күй орындап, қазақ тарихында қос ішекті домбыраның қаншалықты маңызды екенін де түсіндіре кеткен.

Ал Димаш "Менің елім Қазақстан" әнін орындағанда жиылған қалың көрермен үлкен экрандар арқылы қазақ даласының бай табиғатын тамашалады.

Желі қолданушылары болса әншінің екі сағаттан аса уақытқа созылған концертін жылап отырып көргенін жарыса жазды.

"Рахмет саған, Димаш", "Тіл-көзден аман бол", "Сенің концертіңді жылап отырып қарап шықтым", "Бар болғаны 24 жаста. Мәскеуде кешін өткізіп үлгерді. Сендей ұл өсірген ата-анаңа рахмет".
"Ғаламшардың жүрегісің", "Қайда жүрсең де аман жүрші", "Бүкіл әлемді өзіне ғашық қылған айналайын Димашжан, өнерің өрге тасысын! Алла тілден - көзден сақтасын. Біз қазақтар мақтанамыз" , - деп пікір білдірді жер жүзінен жиналған әншінің фанаттары.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
30
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel