RU
Қытай ғалымдары жүректі жамайтын желім ойлап тапты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қытай ғалымдары жүректі жамайтын желім ойлап тапты

Рассказать Вконтакте

Қытай мен АҚШ-тың биохимиктері жарты минуттың ішінде жүректегі тіліктер мен зақымданған қантамырларды жабыстыратын ерекше гель құрамын ойлап тапты. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қытай ғалымдары жүректі жамайтын желім ойлап тапты

Көрнекі фото: Geo-Storm.ru

"Қазір қолданыста жүрген тәсілдердің ешқайсысы соғып тұрған жүректегі қан ағуын жылдам тоқтатуға мүмкіндігі жоқ. Шошқалардың жүрегін желімдеп, екі аптадан кейін кесіп көргенде ішінен гельдің ағуы немесе басқа да қабыну анықтамадық", - деді Чжэцзянь университетіндегі Хунвэй Оуян.

Оуян мен оның әріптестері адамның біріктіруші ұлпаларын түзетін молекулалардың физикалық және химиялық құрамдарын зерттей отырып, адам ағзасы үшін зиянды емес желім ойлап тапты.

Желім желатин, гиалурон қышқылы, бутанамид және тағы басқа қосалқы бөлшектердің құсындысынан тұрады.

Ғалымдар бірнеше шошқаға сынақ жүргізген. Олардың жүрегінде 6 мм тесік тесіп, оны гельмен жапсырған.

Гель жүрек бұлшықеттерімен тез жабысып, 20 секундта қата бастайды, ал беріктігін бірнеше апта бойы жоғатпайды. Біртіндеп желімденген жер жаңа жасушалармен байланысады.

Биохимиктер бұл гель медицинада қолданысқа ие болады деп үміттінеді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel