RU
Алматыдағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге екі тікұшақ келді (видео)

Алматыдағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге екі тікұшақ келді (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге әуетехникасы жұмылдырылды. Қазір өрт екі тікұшақтың көмегімен сөндіріліп жатыр деп хабарлайды Алматы ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды (видео)

Фото: Видеодан скриншот

Тікұшақтарды Алматы қаласының әкімдігінің құтқару қызметі мен ТЖК бөлген. Әрқайсысы 3 текше көлемінде 26 рет су төгілді.

Сондай-ақ, полигонда 11 өрт сөндіру көлігі, 16 жүк көлігі, 7 бульдозер, 1 экскаватор және жеке құрамның 114 қызметкері жұмыс істеуде.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров қоқыс топырақпен жабылып, өртеніп жатқан аймақтарға су төгіліп жатқанын жеткізді.

Болжам бойынша, өрттің шығуына өздігінен тұтану себеп болған.

Еске сала кетейік, 16 мамыр күнге қараған түні Қарасай ауданындағы қоқыс полигонында өрт шығып, Алматы қаласына жүрек айнытатын түтін тараған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel