RU
Group-IB Алсудың қызына жалған дауыстар берілгенін анықтады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Group-IB Алсудың қызына жалған дауыстар берілгенін анықтады

Рассказать Вконтакте

Күрделі сандық тергеулер жүргізетін Group-IB халықаралық компаниясының қызметкерлері Микелла Абрамоваға берілген автоматты жаппай SMS- хабарламаларды анықтады. Бұл туралы РИА Новостиге сәлтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Голос. Дети" шоуы: Group-IB Алсудың қызына берілген жалған дауыстарды анықтады

Фото: Видеодан скриншот

Сегіз мыңнан аса хабарламаны жіберуге 300 нөмір қатысқан.

"Дауыстарды үстемелеуге қатысқан адамдарда техникалық ақау болып, нәтижесінде хабарламаларды автоматты түрде жіберетін кодтың жартысы хабарлама мәтініне еніп кеткен", - деді Group IB өкілдері.

Мамандардың айтуынша, телефон нөмірлері бір операторға тиесілі және бір тарифтік жоспарға қосылған.

Сондай-ақ сарапшылар аймақ бойынша талдама жүргізіп, дауыс бері бастала салысымен бір нысанның жоғары белсенділігін анықтаған.

"IVR қоңыраулары үшін боттар пайдаланылғанын зерттеу көрсетті. Нақты айтсақ, дауыс беру қатар келген нөмірлерден жүргізілген, мысалы, 8(ХХХ)ХХХ-ХХ-38, 8(ХХХ)ХХХ-ХХ-39, 8(ХХХ)ХХХ-ХХ-40, 8(ХХХ)ХХХ-ХХ-41 және т.б. Осындай нөмірлерден бір қатысушыға берілген дауыстар 30 мыңнан асады", - деп мәлімдеді компания өкілдері.

Компания қызметкерлері аймақтар бойынша мәліметтерді жарияламады, тергеу бойынша соңғы есептемені күтіп отыр.

«СМС сервисы» компаниясы дауыс беру әділ болғанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Қазақстандық және шетелдік орындаушылардың әндерін "Музыка Нур" қосышасында тындаңыздар.

Tele 2 мен ALTEL-ден сутегін преумге қол жеткізіңіз. Толығырақ>>>

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel