RU
"Бай емеспіз": Ақтөбеде әкесінің көлігін айдап кеткен оқушы апатқа түсті
Жаңалықтар Қоғам

"Бай емеспіз": Ақтөбеде әкесінің көлігін айдап кеткен оқушы апатқа түсті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мектеп бітіруге дайындалып жүрген 11 сынып оқушысы төрт бірдей автокөлікпен түйісіп, ауруханаға түсті. Абырой болғанда, бозбала аман қалған, тек бетінен түрлі жарақаттар алған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде әкесінің көлігін айдап кеткен мектеп оқушысы қоғамдық көлікпен түйісті

Көрнекі фото: ru.sputnik.kg

«Жолдасым ұйықтап жатқан кезде балам кілтті алып кеткен. Алдынан шыққан көлікке ұрынып, автобуспен түйіскен. Осыдан кейін балам есінен танған.

Баламның машина айдағанын құптап тұрған жоқпын. Онысы дұрыс болмады. Осы жағдай барлық жастарға сабақ болады деп ойлаймын.

Балам бір Алланың арқасында аман қалды. Тек бет жарақаттарын алды. Дәрігерлер жағын тігіп берді. Еш жері сынған жоқ.

Әлеуметтік желіде адамдар «байдың баласы» деп түрлі сөздеп айтып жатыр. Біз қарапайым отбасымыз.

Балам өзі кішкентай кезінен ораза ұстайды. Бір күшпен аман қалды»,-дейді анасы Айман Әшірбекова.

Оқушының ұстаздары да баланың жағдайына алаңдап отыр.

«Мен бұл жағдайды оқиға болағаннан кейін жарты сағат ішінде естідім. Оқушыларым хабарлады. Біз үшін қиын жағдай. Себебі баламыздың адамгершілігі жоғары, тәртібі жақсы. Оқушымыз бізді көргенде өз әрекеті үшін ұялып, кешірім сұрап жатыр», - дейді сынып жетекшісі Гүлсім Амантаева.

Санаулы күннен кейін тест тапсырғалы отырған түлектің үстінен әкімшілік іс қозғалған.

«Әбілқайыр хан көшесіндегі 4 автокөліктің түйісуімен болған жол-көлік оқиғасы кезінде екі адам зардап шекті. «Toyota Cаmry” көлігін мінген көмелеттік жасқа толмаған жасөпірімде құжат болмаған. Оқиғаға қатысты 610 баппен әкімшілік іс қозғалды»,- деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
3
4
0
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel