RU
Қаржы министрі Қазақстанда тағы екі қалаға мегаполис мәртебесі берілетінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қаржы министрі Қазақстанда тағы екі қалаға мегаполис мәртебесі берілетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов алдағы уақытта қандай қалаларға мегаполис мәртебесі берілетінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Қарағанды әкімдігінің ресми сайтынан алынды

Фото: Қарағанды әкімдігінің ресми сайтынан алынды

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Әлихан Смайыловтың сөзінше, мегаполис деңгейіне көтерілетін қалалар Қарағанды мен Ақтөбе.

"Аталған қалаларға халық көптеп көшіп жатыр. Адамдар өз еркімен келуде. Себебі қалада барлық жағдай бар, білім алуға болады. Енді, әзірше нақты уақыт белгіленбеген. Дегенмен, үкімет тиісті жұмысты бастап кетті", - деді ол.

Айтуынша, үкімет Қарағанды мен Ақтөбенің инвестициялық климатын жақсартуға, қала құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға күш салып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
15
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel