RU
Қазақстан президенттігіне үміткер: Букмекерлік кеңселерді жабу керек

Қазақстан президенттігіне үміткер: Букмекерлік кеңселерді жабу керек

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі букмекерлік кеңселерді жауып, ұлттық ойындарды дамытуға ден қою қажет. "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға түскен кандидат Сәдібек Түгел осындай бастама көтерді деп хабарлайды Астана арнасы.

Қазақстан президенттігіне үміткер: Букмекерлік кеңселерді жабу керек

Қазақстан президенттігіне үміткер: Букмекерлік кеңселерді жабу керек

Сәдібек Түгел құмар ойындар қоғам үшін қауіпті дерт деп есептейді.

"Бұл бақсылар сияқты ғой. Алдаудың бір түрі. Адамның психологиясы құмарлыққа салынып кетеді. Осыдан ада болғанымыз дұрыс еді. Мен сондықтан жастарымызды, өскелең ұрпақты осыдан аулақ болыңдар. Оның қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда букмекерлік ойындар бізге керек емес", - дейді Қазақстан президенттігіне үміткер.

Сәдібек Түгел оның орнына тоғызқұмалық, жамбы ату сынды ұлттық ойындарды дамыту қажеттігін айтады.

Ә. Өмірзақ

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel