RU
Ержан Максимнің анасы: Сене алар емеспіз
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ержан Максимнің анасы: Сене алар емеспіз

Рассказать Вконтакте

"Голос.Дети": Бірінші арна Микелла Абрамова жеңіске жеткен байқаудың соңғы маусымының нәтижесін жоятынын хабарлады. Бұған қатысты қазақстандық финалист Ержан Максимнің анасы пікір білдірді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық жас таланттың анасы БАҚ өкілдерімен телефон арқылы тілдескен.

"Біз таңғалып тұрмыз. Сене алар емеспіз", - деді ол.

Алайда Ержанның анасы алдағы уақытта бұл жағдайдың қалай өрбитінін, дауыс беру қайта есептелгеннен кейін не болатынын білмейтінін жеткізген.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды.

Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған еді.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалар әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ, отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

16 мамырда Бірінші арнаның сайтында байқаудың нәтижелері жойылатыны жайлы ақпарат пайда болды.

Бұған халықаралық Group-IB компаниясының мамандарының дауыс беру кезінде дауыстардың еселенгенін дәлелдей алуы себеп болған.

Қазақстандық және шетелдік орындаушылардың әндерін "Музыка Нур" қосышасында тындаңыздар.

Tele 2 мен ALTEL-ден сутегін преумге қол жеткізіңіз. Толығырақ>>>

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel