RU
Нұр-Сұлтанда жасы 60-тан асқан әйелді жұбайы жас қыз үшін тастап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда жасы 60-тан асқан әйелді жұбайы жас қыз үшін тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

Елордалық ұстаз жасы 60-қа қараған шағында өмірлік серігі отбасын қалай ойран еткенін айтып берді. Мұғалім әйелдің айтуынша, ол үш жылға шетелге оқуға аттанған уақытында жолдасы жас қыздың арбауына түсіп, жанұясынан кетіп қалған екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Cosmopolitan

Көрнекі фото: Cosmopolitan

Астаналық Алма есімді әйел - (аты-жөні өзгертілді - ред) жылдар бойы жоғары оқу орнында сабақ беріп, талай шәкірт тәрбиелеген білікті маман.

Жолдасымен студент кезінде танысқан ол онымен 40 жыл бойы отастық дейді.

Әйел адам шетелге оқуға үш жылға аттанған сәтте айрандай ұйып отырған отбасының шырқы бұзылыпты.

Жас ару оқытушының жан жарына көз салып, ақыр аяғы оның отбасынан біржола кетуіне себепкер болған екен.

Қазір жасы 65-ке келген ұстаз екі баласы және немерелерін бағып отыр. Әйел адамның сөзінше, ол жұбайының опасыздығын кешіре алмай, бес жыл бойы жылаумен болыпты.

"Егер жас кезде опасыздық жасаса, аз да болса жеңіл қабылдайтын едім деп ойлаймын. Алпысқа келіп, немере сүйіп, солардың қызығын қызықтайтын уақытта бұрынғы жарым осылай жанұясын тастап, жас қыздың жетегінде кетті. Оны кешіре алмағаным соншалық, бес жыл көз жасымды құрғатумен болдым.

Бірақ қазір аз да болса өз-өзіме келген сияқтымын. Балаларым бар, немерелерім аман, одан артық қандай бақыт керек?

Сатқындық жасап, өз отбасын тастап кеткен адам кетті. Әрине қартайғанда жалғыздық дегеннен де қорқады екенсің. Бірақ тағдыр солай болса, көнуден басқа амал жоқ", - дейді оқытушы.

Білікті ұстаз өмірдің қиын күндерін артта тастауға сүйікті жұмысым себепкер болды дейді.

"Ұстаздықтың арқасында, студенттерімнің қолдауының арқасында күйзелісті жеңдім. Қазір зейнет жасында болсам да, әлі күнге дейін университетте сабақ беремін. Ол маған қосымша күш сыйлайды, өмірді мәнді ете түседі", - деді әйел адам.
Сіздің реакцияңыз
12
3
5
20
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel