RU
"Көргісі келмейді": GGG Елеусіновке 8 маусымда жұдырықтасуға рұқсат етпеді
Жаңалықтар Қоғам

"Көргісі келмейді": GGG Елеусіновке 8 маусымда жұдырықтасуға рұқсат етпеді

Рассказать Вконтакте

Данияр Елеусінов 8 маусым күні Нью-Йорктегі Головкин-Роллс андеркардында өнер көрсетпейтін болды. Олимпиада чемпионының менеджерінің сөзінше, мұны GGG қаламаған. Бұл туралы Sports.kz. сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Даниярды көргісі келмейді": Головкин Елеусіновке 8 маусымда жекпе-жек өткізуіне рұқсат етпеді

Фото:instagram.com/daniyareleusinov/Sports.kz

Енді Елеусінов бұрын жоспарланғандай 25 мамырда кездесу өткізуге дайындалады.

"8 маусым күні болатын бокс кешінде жекпе-жек өткізуіне Геннадий Головкин рұқсат етпеді. Мәселе промоутерлерде емес", - деді Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев.

Оның сөзінше, Даниярдың өкілдері барлық шығындарды өздері көтермек болған.

Айтуынша, Matchroom компаниясы Том Леффлерге хат жолдапты. Онда Елеусіновке қатысты барлық шығындар туралы жазылған.

Әлиев Леффлер Matchroom шарттарын қабылдауға келіскен. Олар орын мен Даниярдың қарсыласының ақшасын өз қалталарынан төлеуге келісіпті.

Басылымның сөзінше, Елеусіновтің командасына бастапқы жоспарға оралуға тура келген.

Енді отандасымыз 25 мамыр күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы, Оксон-Хилл қаласында жұдырық түйістіреді.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов Головкин-Роллс айқасының андеркартында өнер көрсететіні белгілі болған еді.

Екі боксшы 8 маусым күні жұдырық түйістіреді.

Сіздің реакцияңыз
27
1
3
2
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel