Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кореяда жол апатына түскен шымкенттік жігіттің туыстары елден көмек сұрауда (фото, видео)

Опубликовано:

7 мамыр күні Оңтүстік Кореяның Пхенчан тас жолында ауыр жол апаты болды. Оқиға салдарынан көлік ішінде болған екі қазақстандық азамат ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі - шымкенттік Әуелбек Оңалбай болса, екіншісі қызылордалық бойжеткен екен. Жат елге баруға да, жігіттің еміне де қаражат таба алмай отырған Әуелбектің жақындары енді елден жанұшыра көмек сұрауда. Бұл туралы ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ERNUR.KZ/ Туыстарынан
Фото: ERNUR.KZ/ Туыстарынан: Facebook

Шымкенттік азаматтың әпкесі Жәмила інісінің Кореяға ақша табу үшін кеткенін айтады.

Оның сөзінше, 7 мамыр күні Пхенчан тас жолында ішінде бес адамы бар автокөлік жол бойындағы бетонға соғылған.

Салдарынан екі қазақстандық ауруханаға түсіп, Әуелбектің миына ота жасалған. Ал қасындағы бойжеткеннің жамбасына операция жасау керек екен.

"Қайдан, кімнен көмек сұрарымызды білмей отырмыз. Жағдайлары қиын, қыздың операциясына шамамен 12 млн вон, оған қоса ары қарай еміне 4-5 млн вон қажет екен.

Жігіттің басына жасалып қойылған операциясына және тағы алатын 2 апталық еміне 12 млн вон шамасында ақша қажет.

Енді қорыта айтқанда, осылардың еміне көмек керек болып жатыр! Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, осыны оқып отырған әрқайсымыз қолымыздан келгенше көмектесіп жіберсек, ңұр үстіне нұр болар еді. Рамазан айында істеген жақсылықтарыңыз Алладан қайтар",- дейді Әуелбек Оңалбайдың әпкесі.
Фото: ERNUR.KZ
Фото: ERNUR.KZ: Facebook

Ал Әуелбектің ағасы Жұманов Әуез шетелге баруға мүмкіндіктері болмай жатқанын айтты.

"Қайда барып, кімнен көмек сұрарымызды білмей отырмыз. Жақын жер де емес. Бара алмаймыз. Қандай күйде жатқанын біле алмай отырмыз. Кім бар екен? Көмектесе алатын жандар болса…", - дейді бауыры үшін уайымдаған ол.

Жәмиланың сөзінше, Әуелбектің әкесі қайтыс болып кеткен. Мұнда тек анасы мен ағасы ғана бар.

Ол қиындыққа тап болған Қазақстан азаматына мемлекет қолұшын созар ма екен деп үміттенеді. Сонымен қатар, Вонджу және Сунчён қаласында жүрген қазақ бауырлар болса, ауруханаға барып, xал-жағдайын біліп, қандай да бір көмек көрсетсе екен деп сұрайды.

Фото: ERNUR.KZ/ Туыстарынан
Фото: ERNUR.KZ/ Туыстарынан: Facebook

Кореяда ауруханада жатқан Әуелбектің күндіз-түні қасында жүрген Дулатбек есімді жігіт отаның сәтті өткенін айтады. Шымкенттік азамат қазір палатада ем қабылдап жатыр екен.

Ал қызылордалық қыз басқа ауруханада болғандықтан, Дулатбек оның бүгінгі жағдайы туралы ештеңе айта алмады. Тек әлі операция жасалмағандығын, бәрі де қаржылық жағдайға тіреліп тұрғанын жеткізді.

Қайырымды адамдар мен мемлекеттен үмітті жандардың жағдайы осындай.

Көмек көрсетемін дегендер үшін байланыс нөмірлері:

+7 778 560 2929, +7 778 400 0092, +7 747 720 54 50

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794426-koreada-zol-apatyna-tsken-symkenttik-zigitti-tuystary-elden-kmek-srauda-foto-video/

pixel