Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

BTS тобының жігіттері жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен танымалдылыққа ие болған BTS тобының сіз білмейтін қызықтары жайлы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар: UGC

"Big Hit Entertainment" құрған заманауи шоу-бизнес өкілдері үш жылдың ішінде жастар аудиториясын өзіне қарата білген.

BTS: Топтың құрылу тарихы

BTS - танымал оңтүстік кореялық жастардан құралған топ. Продюсер топқа "оқ өтпейтін скауттар" деген мағына беретін есім таңдаған. Топ мүшелері бұл есімнің алғашқыда өздеріне күлкілі естілегенін, алайда уақыт өте келе бойлары үйреніп кеткенін мойындады.

"Big Hit Entertainment" компаниясы жігіттерден құралған топ құру идясын 2010 жылы бастап, солистерді іріктеуден өткізген.

Топ құрыла сала бірден сахнаға шықпады. Олардың жарыққа шығуы үшін көптеген жарналамалар жасалып, дайындық жүргізілген. Ал олардың мансап жолында көтерілу кезеңдері төмендегідей:

  • 2010-2011 жылдар аралығында топ мүшелері таңдалып, олар үздіксіз ауысып отырды.
  • Бір жылдан соң BTS тобының негізгі құрамы анықталды.
  • Bangtan Boys жарыққа шығамын дегенше алты ай бойы жігіттер көпшіліктің қызығушылығын тудыратын әннің үзінділерін желіге жүктеп отырды.
  • "2 Cool 4 Skool" - альбомы 2013 жылы жарыққа шықты. Ал топтың фанаттары оны қуана қабылдаған. Альбом мектептегі махаббат стилінде ойластырылған.
  • "O!RUL8,2?" - атты екінші альбомды да топ 2013 жылы жарыққа шығарып үлгерді.
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар: UGC
  • Осы шағын альбомдардың арқасында жігіттер екі рет ұлттық сыйлыққа қол жеткізіп үлгерген. Оңтүстік Кореяда оларға "Golden Disk" шоуынан сыйлықтар мен "MelOn" музыкалық дүкендерін желісіне мүмкіндік берген.
  • 2014 жылы алты бөліктен тұратын трилогияның соңғы бөлімі шықты. Ол "Skool Luv Affair" деп аталды. Дәл осы жылы топ трилогияның жапондық "Wake Up" атты нұсқасын да жарыққа шығарған.
  • Олар "Кореяға көпір" фестивалі мен KCON атты америкалық жобаның арқасында бүкіл әлемге танылды. Сондай-ақ "Гормондар соғысы" атты әнге клип түсірді.
  • BTS тобының әндері Азия елдерінде кеңінен қолданылады. Жігіттер Сингапур мен Филиппинге, Малайзияға турне ұйымдастырған. Ал топтың альбомдары жүз мыңдаған тиражбен сатылымға шығады.
  • "The Most Beautiful Moment in Life" - топтың 2015 жылы жарыққа шыққан үшінші табысты жобасы. Америкалық "Фузи" телеарнасының мәліметінше, олар әлемдегі ең үздік 20 альбомның тізіміне енген.
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар: UGC
  • Бойз-бенд америкалық және австралиялық континенттерге саяхат жасайды.
  • Жаңа жылда жігіттер "The Most Beautiful Moment in Life" атты жаңа альбомды жарыққа шығарды. Ал оның соңғы бөліміне "Wings" деген атау берген. BTS тобының танымалдылығы сонша тіпті арнайы видео ойындарда да олардың келбеті бейнеленген.
  • Олардың альбомдарының тиражы жарты млн-ға дейін жетіп артылады.
  • 2017 жылы "Winqs" альбомының кеңейтілген нұсқасы жарыққа шықты. "Көктемгі күн" туындысы азиялық және европалық елдерде кеңінен танымалдылыққа ие болған. Ол туындыны Финляндия мен Гонконгте, Индонезия мен Литвада, Таиланд пен Тайваньда, Вьетнам мен Латвияда, Қазақстан мен Сингапурде тыңдайды.
  • "Көктемгі күн" бейнебаяны 9 млннан асатын онлайн қаралым жинаған. Ал "Бүгін емес" атты клип алғашқы күні-ақ 10 млн қаралымды қанжығасына байлап үлгерді.
  • "Billboard" америкалық журналының музыкалық премиясында корейлік жігіттер ең үздік танымал топ болып табылған.
  • Шілде айында топтың белгісі өзгертілді. Енді олардың тобының аты "Beyond the Scene" немесе алға қадам басушылар деген мағына береді.
  • 2017 жылы жарияланған шағын альбом млн-нан асатын тиражбен сатылған. Ол қыркүйек айында әлемнің ең танымал 70 елінде сатылымнан көш бастаған.
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар: Instagram
  • 2017 жылдың соңында топ продюсері БҰҰ балалар қорымен бірлесіп, "Зорлықты тоқтат" атты туындыны көпшілікке ұсынды. Сол уақытта BTS-ті америкалық Jimmy Kimmel Live пен The Ellen Show ток-шоулары бағдарламаға шақырды.
Әлемге кеңінен танылған оңтүстік кореялық жігіттердің бүгінгі таңда 30-дан аса бейнебаяны мен бірнеше музыкалық жүлдесі бар.
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар: UGC

BTS: Топ жігіттері жайлы не білеміз?

"Bangtan Boys" тобындағы жігіттердің ең үлкені - 26 жаста. Ал ең кенжесі - 20 жаста.

BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар
BTS: Топ солистері мен олар жайлы қызықты ақпараттар: UGC
  • Ким Нам Джун (лақап аты - Рэп Монстр) - 23 жастағы топ басшысы. Ол топтағы ең бойы ұзын (181 см) жігіт. Сондай-ақ ол баскетболмен шұғылданады. Ким Нам Джун Сеулде туған. Алайда біраз уақыт Америка мен Жаңа Зеландияда өмір сүрген. Оның жалғыз қарындасы бар. Джун хореографияға төзе алмағанымен, шет тілдерді меңгеруге әуес. Киім таңдағанда қою түстерге мән бергенде жөн көреді.
Фото:Uznayvse.ru
Фото:Uznayvse.ru: Instagram
  • Ким Сокчин (лақап аты - Джин) - топтың бетке ұстары. Вокалист жігіт Аньян қаласында 1992 жылы өмірге келген. Ол отбасының үлкені. Ким Сокчин өз сымбатын сақтау үшін үнемі диета ұстап, жаттығумен айналысады.

Жас жігіт тамақ дайындағанды, дәмді ас ішкенді ұнатады. Ол әнші болуды ойламаған. Өйткені із кесуші мамандығына дайындалған.

Фото: aminoapps.com
Фото: aminoapps.com: Instagram
  • Чон Хосок (лақап есімі - Хоуп) - 24 жастағы топтың рэп орындаушысы, биші. Кванджуда өмірге келген. Ол спортты жақсы көрмесе де, 65 келі салмақты тұрақты ұстап тұр. Чон Хосок жасыл түсті жақсы көреді. Сондай-ақ Чон Хосок қолаң шашты аруларды ұнатады.
BTS тобының жігіттері жайлы не білесіз?
BTS тобының жігіттері жайлы не білесіз?: Instagram
  • Ким Тэхен (лақап есімі - Ви) - 22 жастағы топ солисі. Ол Тэгуде дүниеге келген. Видің қарындасы мен інісі бар. Жас жігіт топтағы барлық әріптестерімен достасып үлгерген.
BTS тобының жігіттері жайлы не білесіз?
BTS тобының жігіттері жайлы не білесіз?: UGC
  • Чжон Чжонг Кук - топтың рэпері. Пусанда өмірге келген. Сурет салғанды жақсы көреді. Қара, ақ, қызыл түсті киімдерді ұнатады.
Фото:VivaReit.ru
Фото:VivaReit.ru: Instagram
  • Мин Юн Ги (лақап аты - Шуга) 26 жаста. Тэгу қаласында өмірге келген. Шуга топта тек орындаушы ғана емес, сонымен қатар жаңа туындыларды құрастырады. Ол дайындық пен сахнаға шығудан басқа уақытта жалқау. Ашулана қалса, жергілікті диалектімен сөйлеп кететін әдеті бар.
BTS тобының жігіттері жайлы не білесіз?
BTS тобының жігіттері жайлы не білесіз?: UGC
  • Пак Чимин - ұжымның лақап аты жоқ екінші солисі. Пак Чимин жақында 22 жасқа толды. Топта ол өз қатарластарымен жақын дос. Өзінің әріптестеріне қамқорлық жасағанды, дайындық уақытында ас пен сусын әкелгенді жақсы көреді. Сондай-ақ жас жігіт қара мен көк түстерді үйлестіріп киінгенді ұнатады.
Фото:YesAsia
Фото:YesAsia: Instagram

BTS тобы - жас рэперлерден құралған топ.

BTS: Топ жайлы қызықты ақпараттар

BTS - өз тарихы бар, көпшілікті бірден баурап алатын топ. Алайда бұл топтың да көпшілік біле бермейтін өз қызығы бар.

1. Продюсерлер алғашқыда топты дуэт қылуды ойлаған. Алайда соңында бұл ойларынан айнып, топқа жеті жігітті мүше еткен.

2. Чимин топқа таңдалғандардың соңғысы. Өзге әншілердің топтағы тәжірибесі үш жылға созылса, Чимин тәжірибеден бір жыл ғана өткен.

3. Жігіттер топта үйреніп жүргеннің өзінде жүзге тарта туынды жазып тастаған.

4. Әннің сөзі мен аранжировкасы - топ жетекшісі Шугидің жауапкершілігінде. Кейде оған Хоуп көмектеседі.

5. Корейлік жігіттердің өз фанкафелері бар.

6. Олар дебютті әнін 20 рет қайта жаздырған.

7. Екі жылда топ жігіттердің сатылған шағын альбомдарының саны төрт есе көбейген.

BTS - өзгелерден әнінің мәтінімен ерекшеленеді. Жігіттердің тіпті мақсатты аудиториясы да бар. Олар өмірдің мәнін жоғалтып, өз армандарына қол жеткізуден үміт үзгендер. Сондай-ақ топ жігіттері өздерінің би қимылдарымен де басқалардан ерекшеленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794440-bts-tobyny-zigitteri-zajly-ne-bilesiz/

pixel