Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сұлтанов: Кезектен тыс пәтер беруге құқымыз жоқ

Опубликовано:

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов бейсенбі күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов: кезектен тыс пәтер беруге құқымыз жоқ
Фото:astana.gov.kz: Facebook

Бүгін елорда әкімдігіне 70-ке жуық көпбалалы ана жиналды. Олардың бәріне қала әкіміне өздерін алаңдатқан сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді. Көпбалалы аналар әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты сұрақтарды қойды.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысқан жалпы жиналыстан кейін өз сұрақтарын қойып үлгермеген барлық ана қала әкімінің жеке қабылдауында болды.

Елорда әкімдігі диалог үшін ашық алаңға айналды. Бақыт Сұлтанов қабылдауға жазылғандардың барлығын қабылдады.

Елорда тұрғыны, көпбалалы ана Гүлнар Тоқтар екі мәселемен келген.

Біріншісі – тұрғын үй мәселесін шешу. Ол тұрғын үй кезегінде 5065 болып тұр. Екіншісі – мүгедек баланы емдеуге тасымалдау үшін көлік мәселесін шешу.

«Тұрғын үй кезегінде әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын азаматтар, соның ішінде көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүгедектер бар.  Осы жылдың соңына дейін елордада екі мыңға жуық пәтер беріледі. Біз кезектен тыс тұрғын үймен қамтамасыз ете алмаймыз - біздің құқығымыз жоқ, бұл заңсыз шешім», – деді әкім.

Дегенмен Бақыт Сұлтанов науқас баланы көлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешті.

Көпбалалы аналардың әр мәселесі бойынша кеңес беріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді, қаралып жатқан мәселелер бойынша нақты нұсқаулар берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794452-bakyt-sltanov-kezekten-tys-pter-beruge-kkymyz-zok/

pixel