Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық әйел тауда қоқыс тастағаны үшін ренжіген миллионерді балағаттап жіберген

Опубликовано:

Алматылық миллионер Қайрат Құдайберген Бутаковкада таудың қоқысын тазалау үшін сенбілік жасауды ұсынды. Ол іс-шараны ойын түрінде өткізуді жоспарлауда. Кәсіпкер бірінші орынға ие болған ең үздік топқа көмек ретінде 200 мың теңге беретінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat
Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat: Getty Images

Қайрат Құдайбергеннің сөзінше, қоқыс жинау бойынша екінші орын алған команда 100 мың теңгеге ие болады.

Кәсіпкер демалыс күндері Үлкен Алматы көлі мен Бутаковкада болған шетелдік достарының алдында ұялғаннан осындай шешімге келгенін ашып айтты.

"Біздің әдемі тауларымыз еліміздің азаматтары тастап кеткен қоқыстармен қорқынышты болып тұр", - деп жазды Қайрат Құдайберген Instagram желісінде.

Ол Үлкен Алматы көлінде төрт баласымен келген әйел адамның қолданған жөргекті тауға лақтырғанын көргенін алға тартты.

Қайрат Құдайберген табиғатты ластаған анаға ескерту жасағанымен, әйел адам өзіне қарсы келгенін тілге тиек етті.

Кәсіпкер памперсті өзі алып, тиісті жерге тастау үшін көлігіне салып қойғанын да ашына жеткізді.

Ол Бутаковкадағы жағдай да осыған ұқсас екенін, демалыс аймағы қоқыстан көз ашпайтындығын атап өтті.

Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat
Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat: UGC
"Шетелдік достарымның біздің табиғатқа қалай қарайтынымызды көргені мен үшін өкінішті. Осы әрекеттерді өсіп келе жатқан балаларымыз байқап, соны айна қатесіз қайталауы - ең сорақысы", - деді кәсіпкер.

Қайрат Құдайберген 18 мамыр, сенбі күні қала тұрғындарына сенбілік өткізуді ұсынды.

Ол қатысушыларға кейтеринг, қолғап, пакет және инструменттер берілетінін айтты.

"Сағат таңғы 10-да "Орталық стадионда" сіздерді тауға апарып, алып келетін автобустар күтеді", - деді Құдайберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794453-almatylyk-jel-tauda-kokys-tastagany-sin-renzigen-millionerdi-balagattap-zibergen/

pixel