RU
Меладзе "Голос. Дети" шоуының нәтижесі жойылуына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Меладзе "Голос. Дети" шоуының нәтижесі жойылуына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал әнші, продюсер Валерий Меладзе соңы үлкен шуға ұласқан "Голос.Дети" шоуына қатысты бірінші арна жасаған мәлімдемеден соң пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Продюсер өзінің Instagram парақшасында Алсудың қызының жеңісінен соң үлкен дау тудырған соңғы маусым нәтижесінің жойылғанына қуанышты екенін жеткізді.

"Мен "Голос. Дети" байқауының финалына қатысты мәліметке шын жүрегіммен қуаныштымын. Себебі, бастысы - "Голос" жобасына деген халықтың сенімін сақтап қалу. Болашақта талантты балаларға қолдау көрсетуді жалғастыру керек. Мен үшін бұл кез-келген дауыс беру мен жеңістерден маңызды.
Мен бірде-бір байқауда жеңіске жетпеген танымал әртістерді білемін. Бірақ олар телеарнаға шықпағанда, ешқашан танылмайтын еді", - деп жазды Валерий Меладзе.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше бірінші арна Алсудың қызының "Голос. Дети" байқауының финалындағы жеңісін жоққа шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel