RU
Желіде өзге ел басшыларының Тоқаевты қалай құттықтағаны жайлы әзіл видео пайда болды

Желіде өзге ел басшыларының Тоқаевты қалай құттықтағаны жайлы әзіл видео пайда болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 17 мамыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Қазақстан президенті 66 жасқа толды. Мемлекет басшысы жақындарынан, туыстарынан, достарынан, әріптестерінен құттықтау қабылдауда. Желі қолданушылары да Тоқаевқа жылы лебіздерін жеткізуді ұмытқан жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: Ақорда

фото: Ақорда

Instagram желісіндегі TokayevTeam парақшасында Тоқаевты шетел президенттері құттықтаған әзіл видео жарияланды.

Кадрдан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың мессенджердің бірінде "Туған күн" атты топ ашқанынын, ол жерге Лукашенко, Трамп, Си Цзиньпин, Ердоған, Бердымухамедов бастаған мемлекет басшыларын қосқанын, Владимир Путиннің топқа өзі қосылып алғанын байқауға болады.

Әрі қарай президенттер өзара туған күн иесіне қандай сыйлық беретіндерін талқыға салады.

Белоруссия көшбасшысы бір қап картоп беретінін, Бердымухамедов рэп оқитынын, Путиннің атынан Медведевтің би ұсынғанын әзілге қосқан.

Келесі видео-әзілде автор Тереза Мэй, Трамп, Путин, Лукашенко және Барак Обаманың сөздерін қиып құттықтау жасап шығарған.

Сондай-ақ, мемлекет басшысын төл мерекесімен құттықтаған қазақстандықтардың да видеосы пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
7
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel