RU
Ержан Максим Нұр-Сұлтанда жеке концертін бермекші
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ержан Максим Нұр-Сұлтанда жеке концертін бермекші

Рассказать Вконтакте

"Голос. Дети" шоуының финалисі Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында жеке концертін береді. Жас талант елорданың үздік концерт залында өнер көрсетпек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Концерттің нақты уақыты әлі белгісіз, ал өтетін орны дайын.

Нақтырақ айтқанда, Ержан концертті әлемдік танымал тұлғалар, оның ішінде "Голос. Дети" жобасында тәлімгері болған Валерий Меладзе өнер көрсеткен "Қазақстан" Орталық концерт залында береді.

Бүгін Ержан Максимнің анасы ұлының шығармашылық жоспарлары туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз мәслихатында айтып береді.

Айта кетейік, "Голос. Дети" жобасының қорытындысы қоғамда үлкен дау тудырған.

Көпшілік пен әртістердің теріс пікірлерінен кейін Бірінші арна байқау қорытындасын тексеруге жіберген болатын.

Енді Group IB Алсудың қызына жалған дауыстар берілгенін анықтады. Кейіннен Бірінші арна Алсудың қызының жеңісін жоққа шығарды.

Артынша сарапшылар дауысты еселеуге қанша ақша кеткенін есептеп көрді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel