Выйти
RU

Рамазан айында тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Рамазан айы басталағы бері халық тарапынан түрлі сауалдар туындады. Соның бірі "Рамазан айында тіс жұлдырса, ораза бұзылады ма?". Бұған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі жауап берді деп хабарлайды fatua.kz.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Муфтияттың мәліметінше, тіс жұлдырған кезде тамаққа ештеңе өтпесе, ораза бұзылмайды.

Бұған ханафи мәзһабына қатысты "Раддул мұхтар" атты кітабындағы мына сөз дәлел:

"Тістерінің арасынан қан шығып, тамағына барса, яғни ішке өтпесе, ауызы ашылмайды. Бірақ тамақтан ішке өтсе де, қан түкіріктен басым не бірдей болса, немесе қанның дәмін сезсе, ораза бұзылады. Егер қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды"

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Рамазан айында тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?