RU
Ақан Сатаев "Томирис" фильмінің басты кейіпкерлерін көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақан Сатаев "Томирис" фильмінің басты кейіпкерлерін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал режиссер Ақан Сатаев Instagram әлеуметтік желісінде "Томирис" фильмінің басты кейіпкерлері бейнеленген суреттер топтамасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram/akansatayev

Фото: instagram/akansatayev

Ақан Сатаев жеке парақшасына "Томирис" фильмінің басты кейіпкерлері бейнеленген 10 постерді жариялады.

Постер бетінен Альмира Тұрсын, Мұрат Бейсенбин, Әділ Ахметов, Азамат Сатыбалды, Берік Айтжанов, Асылхан Төлеповты көруге болады.

Айта кетейік, наурыз айында режиссер Instagram парақшасына екі постерді жариялап, оқырмандарына фильмге лайықты дегенін таңдауға ұсынды.

"Достар, сіздердің пікірлеріңіз керек болып тұр. Мына екі постердің қайсысы "Тұмар" фильміне жақсы келеді? ", - деп жазды ол.

"Томирис" фильмі біздің дәуірге дейін VI ғасырда өмір сүрген сақ тайпасының көсемі Тұмар патшайымның Ұлы даланы жаулап алмақ болған персия ханы ІІ Кирді ойсырата жеңгенін баяндайды.

Томирис патшайымның рөлін 28 жастағы Альмира Тұрсын сомдап шықты. Сондай-ақ фильмнен өзге де отандық танымал актерлерді көруге болады.

Жаңа туындының тұсаукесері мамыр айында өтпек.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel