Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздар кішкентай тележүргізушінің қазасына қайғыруда

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы, Алтынай Жорабаев және тағы басқа танымал тұлғалар жол апатынан қаза тапқан "Балапан" телеарнасының 13 жастағы жүргізуші Бағлан Құтжанның жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қаза тапқан бала туралы алғашқылардың бірі болып жазба арнады.

"Балапандықтар мен үшін қашан да ыстық. Себебі бала жүрген жерде риясыз махаббат та қатар жүреді.Суық хабарды естіп, қабырғам қайысып отыр...
Бағлан тікелей эфирдегі жақсы жүргізушілеріміздің бірі еді. Бағланның өз сүйкімділігі мен қылығы, көзінде оты болушы еді..
Ұстамды, салмақты әрі үнемі ой үстінде жүретін. Болашағынан үміт күттірген балалардың бірі еді. ⠀ Бүгін сол үміт, сол от мәңгіге сөнді... жастайынан үзілген гүл тағдыр... Биыл алғашқы мүшелі екен... Ата-анасына Алла сабыр берсін", - деді ол.

"КешYOU" тобының бұрынғы әншісі Назым Абдильдина қайғыға ортақтасатынын Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Жүрегім сыздап барады. Неге өмір кейде әділетсіз болады екен? Кішкентай досым, Бағланжан, жаның жәнатта болсын. Ата-анасына, қайғырып көңіл айтамын", - деді әнші.

Танымал әнші Алтынай Жорабаева да әншінің жақындарына көңіл айтты.

"Балапанның ата-анасына сабыр берсін Аллам. Қайғырып, көңіл айтамыз", - деді ол.

"Балапан" телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай да жеткіншектің қазасына қайғырып, оның жақындарына көңіл айтты.

"Көзін ашады деп қанша сенсек те, Бағлантай бүгін арамыздан кетіп қалды... Кіп-кішкентай болып, өзің жақсы көрген, қызмет істеген balapan телеарнасы үшін қаншама еңбек сіңірдің. "Ойлан, тап!", " Біз де бала болғанбыз", "Қуыр, қуыр, қуырмаш", " Дұрыс-бұрыс" бағдарламаларын жылдар бойы жүргіздің. Өнердегі, спорттағы, білімдегі жетістіктерің қаншама!
Сенің осы қып-қысқа ғұмырың, жеңіс пен жетістікке толы, арманға толы, еңбекке толы 13 жылың бәрімізге үлгі. balapan телеарнасы және оның миллиондаған көрермені сені ешқашан ұмытпайды. Мағыналы ғұмырың үшін рахмет, қош бол, құлыншақ... Бағланның ата-анасына, balapan ұжымына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды ақын.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Құтжан Бағланның апатқа түсіп, ауыр жағдайда жатқаны мәлім болды.

Кеше, 16 мамырда "Балапан" телеарнасының 13 жастағы жүргізушісі көз жұмды.

Қайғылы қаза жайлы әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай Facebook парақшасында мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794548-otandyk-zldyzdar-kiskentaj-telezrgizusini-kazasyna-kajgyruda/

pixel