Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алсу қызымен бірге Ержан Максимнің концертіне келуі мүмкін

Опубликовано:

Ержан Максимнің Нұр-Сұлтанда өтетін алғашқы концертіне Алсу мен оның қызы Микелла Абрамова келуі ықтимал. Бұл туралы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Instagram/alsou_a, maksim_erjan, mikellaabramova
Фото: Instagram/alsou_a, maksim_erjan, mikellaabramova: Instagram

Маемиров мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында қазіргі уақытта "Қазақ әуендері" АҚ Алсудың продюсерімен келіссөз жүріп жатқанын атап өтті.

"Бұл жайында 24 мамырдан кейін айтуға болатын шығар. Бірақ, ол мүмкіндік болып қалуы ықтимал. Алсу мен қызы Микелла қатысуы мүмкін", - деді ол.

Айта кетейік, Ержан Максимның алғашқы жеке ән кеші 28 маусымда Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794569-alsu-kyzymen-birge-erzan-maksimni-koncertine-kelui-mmkin/

pixel