Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ баласының жынысын білгісі келген ер адам парашютпен секірген (фото)

Опубликовано:

Тимоти Гудвин өзінің әке атанатынын білген кезде болашақ баласының жынысын анықтап қана қоймай, қуанышты жайтты ерекше атап өткісі келді деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Американың Солтүстік Каролина штатының тұрғыны өмірінде бірінші рет парашютпен секіріпті. Болашақ әкенің бойында толқу басымырақ болғанымен, нұсқаушының көмегімен бәрі ойдағыдай өткен.

Тимотидың жұбайы Анджела Хьюитт бұл сәтте қызды болатындарын білген. Сол себепті парашютты орталықтың қызметкерлері алдын ала өріске қызғылт түсті түтіні бар баллондар орнатып қойды.

Тимоти дәл осы қызғылт түсті "бұлттардың" үстіне келіп қонған.

Ер азаматтың екі баласы бар. Олар ерекше іс-шараға барша қызығушылық танытып, қызғылт түсті түтінді көріп, қуанған.

Жуырда қарындастарының пайда болатынын естіп, мәз-мейрам болған балақайлар жүрек жұтқан әкелеріне тамсаныпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794589-bolasak-balasyny-zynysyn-bilgisi-kelgen-er-adam-parasutpen-sekirgen/

pixel