RU
ШҚО-да аудан әкімі тоғыз балалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да аудан әкімі тоғыз балалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

Рассказать Вконтакте

ШҚО-ның Ұлан ауданы Бозанбай ауылында жалдамалы үйде тұрған көп балалы отбасыға аудан әкімі пәтер кілтін табыстады. Баспана Ұлан ауданында "Аяулы аналарға құрмет пен қамқор" қайырымдылық кешінен жиналған қаражатқа алынған деп хабарлайды Алтайньюс.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Тоғыз баласымен пәтер жаңалап жүрген Алма Бекетаева қуанышын жасыра алмай, өзінің алғысын білдірді.

"Біз тоғыз баламызбен қаншама жыл тар пәтерде тұрдық. Небәрі 2 бөлмелі еді. Бізге үлкен үй сатып әперген жандарға алғысым шексіз. Өзім сияқты көпбалалы аналардың барлығына осындай қуаныш тілеймін.
Балаларымыз тағатсыздана күткен кең үйдің кілтіне ие болдық. Қолдау көрсеткен барша азаматқа рахмет. Ораза айында жасаған жақсылықтары сауапты болсын", - деді көпбалалы ана Алма Бекетаева.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel