RU
Атырау тұрғындары ұрылардың кесірінен үйлеріне кіре алмай отыр
Жаңалықтар Қоғам

Атырау тұрғындары ұрылардың кесірінен үйлеріне кіре алмай отыр

Рассказать Вконтакте

Атырау маңындағы бүтін бір елді мекеннің тұрғындары ұрылардың кесірінен жарыққа зар болып отыр. Зарослый ауылына электр энергиясы тұрғындар көшіп келе бастағаннан-ақ тартылыпты. Бірақ, ауыл халқы үйлерін салып бітіреміз дегенше, мұндағы электр сымдары қолды болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасынан кадр

Фото: КТК арнасынан кадр

Қазір тек қираған трансформатор мен кесілген желісі желмен ойнаған электр бағандары қалған. Сол себепті мұнда үйін бітіріп, кіре алмай жүрген тұрғын мен құрылысы тұралап тұрған баспана көп.

Енді қазір халықтың жарықсыз отырған жайы бар.

"2017 жылы үй салып бітіріп қойып едік. Енді көшіп келейік десек жарық жоқ. Сондықтан көше алмай отырмыз. Қазір бала-шағаммен пәтер жалдап отырмын.  Бір балам мүгедек", - дейді Зарослый ауылының тұрғыны Айтөре Ғабдолғалым.

Ал, пәтер жалдауға шамасы келмейтіндер толықтай бітпесе де осындағы баспаналарында тұрып жатыр.

"Біз  барлық жерге бардық. Жеке кәсіпкерден тоқ тартып алып едік. Алыс болғандықтан тоқ дұрыс жетпейді. Кешкісін сығырайып қалады", - дейді Зарослый ауылының тағы бір тұрғыны Раушангүл Шарғабаева.

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мамандарының айтуынша, 2012 жылы мердігер мекеме аталған елдімекенге электр желісін түгелдей тартып, оны жергілікті әкімдік қабылдап алған.

Бірақ, арада апта өтпей жатып, "Атырау Жарық" мекемесі не себепті екені белгісіз, тоқ беруді тоқтатқан. Іле-шала тонау басталған.

"Тонайтын ештене қалған жоқ. Қазір мәслихаттан кері қаражат сұратып жатырмыз. Қаражат көзі бөлінгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары іске асырылады", - дейді Атырау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Бауыржан Ихсанов.
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel