Выйти
RU

Сүйген қызының көзіне шөп салып, жасырын жүріс жасағанын білген жігіт мұңын шақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Есімі жасырын болып қалған 29 жастағы ер азамат ажырасқан, қызы бар келіншекпен көңіл жарастырғанын velikolepnyi_kazakhstan парақшасында жазып, жан сырын ақтарған. Ер адамның сөзінше, ол сүйіктісінің оған шөп салып жүргенін абайсызда біліп қойған. Ал келіншек өз кезегінде азаматқа "жала жаптың" деп шүйліккен екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: mamsy.ru

Фото: mamsy.ru

Тұрмыста болып келген келіншекпен көңіл жарастырған жігіт сүйіктісінің оның көзіне шөп салып жүргенін біліп қойған.

"Екеуіміздің кездесіп жүргенімізге 1,5 жыл болды. Оны шын сүйем. Үйленгім келеді. Алайда жақында оның өзгелермен сөйлесетінін білдім. Менің көзіме шөп салып жүр. Оны ұялы телефонындағы жазбаларды оқып, біліп қойдым", - дейді жігіт.

Ер азаматтың сөзінше, сүйіктісі өз кінәсін мойындамай, керісінше, жігіттің өзіне шүйліккен. Тығырыққа тірелген ер адам сонда да сүйгенін жібергісі келмей, дал болып жүр екен.

"Ол өз кінәсін мойындағысы келмейді. "Қызғаныштан жала жаптың. Оның үстіне мен тұрмыстағы әйел емеспін. Не істегім келсе, соны істеймін" дейді. Не істесем болады? Мен оған үйленсем ол маған опасыздық жасауын доғара ма?", - деп ақыл сұрады кейіпкер.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сүйген қызының көзіне шөп салып, жасырын жүріс жасағанын білген жігіт мұңын шақты