Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шереметьевода өртке оранған ұшақтағы қара жәшік ашылды

Опубликовано:

Шереметьево әуежайында жанып кеткен Sukhoi Superjet 100 (SSJ-100) ұшағының қара жәшіктерін ашу аяқталды. Бұл туралы Мемлекетаралық авиация комитетінің сайтында (МАК) хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com
Фото: facebook.com: UGC

Комитет деректердің жәшіктің екі - төтенше және пайдаланылған түрінен алынғанын атап өтті.

Қазіргі таңда келіп түскен ақпаратқа сараптама жасалуда.

Бұған дейін белгілі болғандай, параметрлік қара жәшік қатты бүлінген. Бұған өрт кезіндегі жоғары температура себеп болды. Дегенмен, дыбыстық тіркеушінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Әуе апаты туралы есепті дайындауға шамамен 30 күн кетеді.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 5 мамыр күні Мәскеудегі Шереметьево әуежайында "Аэрофлот"әуекомпаниясына тиесілі лайнермен болған. Ол Мәскеуден Мурманскке бара жатқан жолда апатты жағдайда қайта оралуға мәжбүр болды.

Ұшақ орнына қонған кезде жанып кетті. Төтенше жағдай салдарынан 41 адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794633-seremetevoda-rtke-orangan-saktagy-kara-zsik-asyldy/

pixel