RU
Жігіт бойжеткенді бітіру кешіне тікұшақпен шақырған (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жігіт бойжеткенді бітіру кешіне тікұшақпен шақырған (видео)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны Джетт Хейли Келси Барретке тікұшаққа мініп көруге ұсыныс тастаған. Жігіт бойжеткенге тосын сый жасап, мектеп бітіру кешіне шақырмақ болған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Жас жігіт бойжеткенге әкесі басқаратын ұшаққа мініп көруді ұсынған. Алайда шын мәнінде ол аруға ерекше тосын сый дайындап тұрыпты.

Тікұшаққа отырған кезде Келсидің жердегі тосын сыйды көріп қоймауы үшін, жігіт барынша оның көңілін аулаған.

Себебі дәл сол сәтте Джеттің анасы мен қарындасы "PROM?" (Бітіру кеші) деген жазуды жазу үшін жерге бидай сеуіп жатқан екен. Жігіт осындай ерекше тәсілмен Келсиді бітіру кешіне шақырмақ болған.

Бойжеткен Джеттен ұсыныс түсетінін білген. Бірақ оның дәл осындай тәсілмен жасайтынын, тіпті, ойламаған екен. Әрине, Келси келісімін берген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel