Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пайдаланып кетті": Әйгілі "Шімән апа" тойда өзін ұятқа қалдырған жігіт туралы айтты

Опубликовано:

"Шімән апа" рөлімен танылған әнші Ерболат Төлегенов желіде өзіне қатысты тараған видеоға пікір білдірді. Әншінің айтуынша, аталған бейнежазбада «Шімән апаның» рөлін басқа адам ойнаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Естеріңізде болса, тойда өнер көрсеткен "Шімән апаны" өзімен қатарлас қарт атайдың құшақтай жөнелгені бейнеленген видео желіде тараған болатын.

Көпшілік аталған бейнежазбаны сынға алып, әншіге жағымсыз пікірлер қалдырды.

Алайда, Төлегеновтің айтары бар. Әнші өзінің рөлін басқа біреудің ойнағанын алға тартты.

"Шімән апа өзім ойлап тауып, өзім кейпіне еніп жүрген кейіпкерім. Тіпті, бұл рөлді патенттеп алғаным да рас. Бірақ тап сол тойда өнер көрсеткен мен емеспін. Оқырмандар ұмытпаған шығар, бір кездері Мақпал Жүнісованың образына еніп, тойда ақша табатын жас жігіт шыққан. Есімі – Марлен. Міне, менің образымды да тойда пайдаланып жүрген сол жігіт. Талай рет оған ескерту жасап, алдынан өттім. Тілімді алмады. Осы жолы, тіпті, ұятқа қалдырып отыр. Ол жас жігіт, Мейрамбек Беспаевтың сыныптасының ұлы", - дейді Ерболат Төлегенов.

Әнші "Шімән апа" рөлін талай рет ойнап жүргендіктен, шындықтан қашпайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794638-pajdalanyp-ketti-jgili-simn-apa-tojda-zin-atka-kaldyrgan-zigit-turaly-ajtty/

pixel