RU
Головкин Данияр Елеусіновпен арадағы дауға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Головкин Данияр Елеусіновпен арадағы дауға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Стив Роллспен жекпе-жекке шығуға дайындалып жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин андеркардта Данияр Елеусіновтың жоқтығына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar и instagram.com/gggboxing

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar и instagram.com/gggboxing

Естеріңізге салсақ, Елеусінов GGG - Роллс кадрынан жекпе-жегінің ертерек уақытқа ауысқанын хабарлаған. Ал спортшының менеджері Геннадийдің өзі оны шоуында көргісі келмейтінін жеткізген.

"Өткен жылы Данияр маған қатысты қандай пікірде екенін айқындап берді. Бұл менің ол туралы пікірім өзгерді деген сөз емес. Мен расымен оған кәсіби рингте тек сәттілік тілеймін. Ол өзі айтқандай: "Екеуіміздің жолымыз бөлек", - деді GGG.

Сондай-ақ, былғары қолғап шебері Елеусіновтың менеджерінің кәсібилік танытпағанын айтып, Matchroom Boxing промоутерлік компаниясына ешқандай наразалығы жоқ екенін алға тартты.

"Мен өзімді біреуге бірдеңе дәлелдеуім керек деп ойламаймын. Мені "патриоттыққа" тексерудің қажеті жоқ. Басқалармен салыстырғанда мен қайдан шыққанымды, қай мемлекеттің атынан шығып жүргенімді сөзбен емес, іспен көрсетемін", - деді былғары қолғап шебері.

Сіздің реакцияңыз
17
5
2
1
4
50
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel