RU
Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)

Рассказать Вконтакте

Канаданың Монреал қаласында қазақстандық Батыр Жүкембаевтың мексикалық Луис Хесус Видалеспен кездесуі өтті. Отандық спортшыға қарсыласын жеңу үшін аз уақыт қажет болды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қарсыластардың кездесуі бокс кеші аясында өтті. 28 жастағы Батыр Жүкембаевтың бірінші жартылай орта салмақтағы қарсыласы 30 жастағы мексикалық Луис Хесус Видалес болды.

Жекпе-жек 10 раундқа есептелгенімен, ұзаққа созылмады. Бірінші раундта отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Нәтижесінде, Жүкембаевтың есебінде кәсіби рингте он алты жеңіс бар. Видалес жетінші мәрте жеңіліске ұшырады

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
12
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel