RU
Шымкенттік кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі балаларға дастархан жайды

Шымкенттік кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі балаларға дастархан жайды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік кәсіпкер бастаған еріктілер тобы мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік дастархан дайындады. Есімін елге жария еткісі келмеген кәсіпкер Түркістан облысының барлық балалар үйінен тәрбиеленушілерді шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде өткен іс шара барысында балаларға арнайы дастархан жайылып, концерттік және анимациялық бағдарламалар ұсынылды.

Аниматорлар мен артистер мүмкіндігі шектеулі балаларға​ ақысыз қызмет етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

Кей балалар Шымкентке алғаш кеп тұрғанын айтып қуаныштарын жасырмады.

Айта кету керек, балалардың Шымкент қаласына келіп кету жол шығынын кәсіпкер өз мойнына алған.

Ленгір балалар үйінің дефектолог- педагогы Гүлмира Өтебекова мұндай жол сапардың сирек болатынын айтты.

"Демеушілер көбінесе бізге, яғни, ауданға өздері келеді. Балалар әрине қалаға жол жүретінін естіп қуанды. Дайындалып жүрді. Айта кету керек, кейінгі кездері балалар үйіне қамқорлық көрсететін қайырымды жандар қатары сиреді. Неге екенін білмеймін",- дейді педагог-дефектолог. 

Қазығұрт балалар үйінің тәрбиеленушісі Гүлсезім Дембаева қасиетті рамазан айында Шымкент қаласына келіп, мерекелік дастарханның қонағы болғанына қуанышты екенін айтады.

"Маған бүгінгі концерттік бағдарлама мен аниматорлар қатты ұнады. Достарыммен бірге осындай іс шараға келгеніміз үшін қуаныштымын"-дейді Гүлсезім. 

Рамазан айында мүмкіндігі шектеулі балаларға мереке сыйлаған шымкенттік кәсіпкер аты жөнін жария еткісі келген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel