Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің жүріс жасауына өзінің кінәлі екенін айтқан келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Күйеуімен 6 жыл тұрып ажырасып кеткенін айтқан келіншек жан сырын ақтарды. Әйел адамның сөзінше, ол жұбайымен айырылысқаннан кейін, күйеуі басқа әйелдермен жақын қатынасқа түскен. Бұл туралы ер азамат келіншекке өз аузымен айтқан деп хабарлайды alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: volga-bis.com
Фото: volga-bis.com: UGC

Ажырасып кетсе де, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сезімі әлі суымаған. Алайда қос ғашық екі бөлек тұрған кезде, күйеуі жұбайына бірнеше әйелмен жақын қатынаста болғанын айтқан. Ер азамат өзін әйелі тастап кеткені үшін осындай қадамға барғанын жасырмаған екен.

"Ол жаңа жылдың алдында бір хабарласып, өзінің 3 келіншекпен жақын қатынаста болғанын бірақ енді олай қайталамайтынын айтты. Мен неге ондайға бардың деп едім, сен мені тастап кетіп осындай дəрежеге жеткіздің деді. Енді өз өзімді жазғырумен жүрмін, себебі ол біз отбасы болып тұрған уақытта ешқашан оңға-солға қадам баспаған болатын", - дейді келіншек.

Әйел адамның сөзінше, жұбайлар сәби сүймегендіктен ажырасып кеткен. Алайда енді ару отбасын ойрандап алғаны үшін өкінеді екен.

Перзентіміздің жоқтығынан өз отбасымды өзім ойрандап алып, қиналып отырмын. Сағынамын! Аңсаймын! Қапаланамын! Əпкелер сіздерден жанды жадыратар ақыл күтемін. Мүмкін қосылып бəрін ұмытармын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794659-kjeuini-zris-zasauyna-kinli-ekenin-ajtkan-kelinsek-myn-sakty/

pixel