RU
Елбасы Қазақстанға инвестиция тарту көлемі артатындығына сенім білдірді
Жаңалықтар Пресс-релизы

Елбасы Қазақстанға инвестиция тарту көлемі артатындығына сенім білдірді

Рассказать Вконтакте

Елордада 16-17 мамыр аралығында кезекті XII Астана экономикалық өтті. Форумда жаһандық көшбасшылар, әлемнің беделді сарапшылары мен Үкімет мүшелері бас қосты. Ауқымды шараның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Елбасы Қазақстанға инвестиция тарту көлемі артатындығына сенім білдірді

Елбасы Қазақстанға инвестиция тарту көлемі артатындығына сенім білдірді

Аталмыш форумға алғашқылардың бірі болып сөз алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев форум тарихына шолу жасап, оның мән-маңызына тоқталып өтті.

“2008 жылы мен осы форумда өткізу туралы бастама бастадым және ол содан бері жыл сайын өткізілетін болды. Жыл сайын біз жаһандық және өңірлік сипаттағы түрлі мәселелерді талқылап келеміз. Олардың барлығы алдағы жылдары қоғамның дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық мәселелер болып табылады”,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұңғыш президент маңызды деп атап өткен тағы бір келелі мәселелердің бірі - бүкіләлемдік урбанизация тренді болды.

“Экономикалық дамуда қалалардың атқаратын ролі зор. Адамдар қазірдің өзінде қолайлы жерлерде тұру туралы шешімді көптеп қабылдауда. Бүгінгде әлемде төрт миллиардтан астам адам қалада тұрады. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш одан ары өсе түседі деген болжам бар. Яғни әлемдегі 10 адамның 7-еуі қалада тұратын болады”,-деді тұңғыш президент.

Елбасы Қазақстан әлемнің дамыған 30 елі қатарына ену жұмысын одан ары өз жалғасын табатынын атап өтті. Бұл ретте ол елге инвестиция тарту жұмысы жалғасатынын мәлім етті.

“Сондай-ақ мен Қазақстанға сенім артқан серіктестер, мемлекеттер, инвесторлардың сенімін зор бағалаймын. Бүгіннің өзінде Қазақстанға 320 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылды. Мұндай прагматикалық оптимизм Қазақстанның экономикалық және саяси жүйесінің тұрақтылығының жоғары көрсеткіші деп есептеймін”, - деді Елбасы.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдаған еді. Онда тұңғыш президент дәл осы инвестиция тарту мәселесіне баса мән берген еді. Ескеретін жайт, күні кеше ғана құрылған АХҚО елге инвестиция тарту мәселесіне аз уақыт ішінде зор үлес қосты. Бүгінде өңірлік қаржылық хабта тіркелген шетелдік және қазақстандық компаниялар саны 100-ден асты. Олардың қатарында Қазақстан, АҚШ, БАӘ, Сингапур, Қытай, Ұлыбритания, Германия және Франция елдерінің компаниялары бар. АХҚО 2020 жылы тіркелетін компаниялар санын 500-ге дейін жеткізуде мақсат етіп отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel