RU
"Игра престолов" сериалының жұлдызы Қазақстанға келмекші
Жаңалықтар Қоғам

"Игра престолов" сериалының жұлдызы Қазақстанға келмекші

Рассказать Вконтакте

"Игра престолов" (Game of Thrones) телехикаясының жұлдызы, дат актері Пилу Асбек Қазақстанға келеді деп күтілуде. Актер елімізде өтетін Comic Con фестивалінің арнайы қонағы болмақ деп хабарлайды фестиваль ұйымдастырушыларына сілтеме жасаған Қазақпарат.

vokrug.tv

vokrug.tv

Пилу Асбек Нұр-Сұлтанда халықаралық комикс-конвентте өз фанаттарына автограф-сессия өткізеді деп жоспарлануда.

Йохан Филип "Пилу" Асбек - дат актері. Ол түрмедегі тіршілік туралы баяндайтын "Сотталушы R" драмасындағы рөлінен кейін танымалдыққа ие болған. Бұл жұмысы арқылы актер бірден бірнеше жүлдені жеңіп алған.

Дегенмен, нағыз әлемдік атақ-даңқ Асбекке "Игра престолов" телехикаясы арқылы келді. Ол сериалдың 6-маусымынан бастап "Темір флоттың" капитаны Эурон Грейджойдың рөлін сомдап жүр.  

Бұдан бөлек актер, Скарлет Йоханссон, Мэтт Дэймон Педро Паскаль сынды жұлдыздармен бірге өзге де фильмдерде бой көрсеткен.

Айта кетейік, Актер Тимур Бекмамбетовтың "Бен-Гур" фильміне де түскен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel