Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген бас мынау?!": Димаш Құдайбергеннің бала кезіндегі суретіне ел сүйсінді (фото)

Опубликовано:

Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында өзінің сәби кезіндегі суретін жариялап, желідегілердің көңілін көтерді. Әлемді аузына қаратқан қазақ баласына көпшілік жылы лебізін жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде көпшілікпен кезекті суретін бөліскен әнші: "Не деген бас мынау ?! Денемнен де үлкен болып тұр ғой!", - деп жазба қалдырды.

Суретті көрген желі қолданушылары оған бірден пікір қалдырып, ақылдылардың басы үлкен болып келетінін жарыса жазды.

"Басыңнан айналайын ! Ми көп болып тұр ғой", "Сол үлкен басыңның іші толған ақыл болған ғой. Алла береке берсін Димаш", "Iшi тола талант, дарын ғой", "Таланттардың басы денесіне қарағанда үнемі үлкен болады. Қазанбас-бұл данышпандылықтың, бірегейліктің, дарындылықтың белгісі", "Мегамозг", "Дәу бас!Іші тола ақыл, көзіңде мейірім шапағат, адамгершілік", - деп түрлі пікірлерін білдірді әншінің тыңдармандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794698-ne-degen-bas-mynau-dimasty-bala-kezindegi-suretine-el-sjsindi-foto/

pixel