RU
"Заң бар екен": Алматыда 8 жылға сотталған ғалым ақыры ақталып шықты
Жаңалықтар Қоғам

"Заң бар екен": Алматыда 8 жылға сотталған ғалым ақыры ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда 8 жылға сотталған профессор Ғалымжан Мамытбеков ақыры ақталып шықты. Ғалымның нақақтан-нақақ жазаланғаны белгілі болып, істі қайта қараған судья оны сот залынан босатқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Ғалымжан Мамытбеков. Кадр КТК арнасы

Ғалымжан Мамытбеков. Кадр КТК арнасы

"Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы қызметкері Ғалымжан Мамытбеков мемлекеттің 100 миллионнан аса теңгесін жымқырды деп сегіз жылға сотталған болатын. Алайда арада үш жыл өткен соң ұрланған ақшаға қатысы болмағаны анықталып отыр.

Жазықсыз түрмеге жабылған азамат ол кезде 50 жаста болған. Артында әйелі мен бала-шағасы жылап қалыпты. Ғалымның ісі биыл қайта тергеуге жіберілген.

Ақтау үкімін естіген бойда Мамытбековтің қарындасы көз жасына ерік берді. Ал ғалымның өзі арқасынан жүк түскендей болген. Профессор ол кезде қарсы куәлік еткен жақын әріптесін профессор кешіргенін де айтады.

"Сенімім болған жоқ ақталам деген. Бірақ өте қуаныштымын. Дегенменде, заң біздің мемлекетімізде бар екен, орындалады екен. Ертелі ме кеш пе бәрі өз орнын тауыпты, өз арнасына түседі екен", - дейді Ғалымжан Мамытбеков.

Енді ақталып шыққан азамат өзін түрмеге жөнелтуге себепші болған тергеушіні сотқа бермекші.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
0
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel