RU
"Астана" футбол клубының бұрынғы бапкері көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

"Астана" футбол клубының бұрынғы бапкері көз жұмды

Рассказать Вконтакте

"Астана" футбол командасының бұрынғы бапкері Александр Ирхин 66 жасқа қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Александр Ирхин. Фото: © ФК "Химки"

Александр Ирхин. Фото: © ФК "Химки"

Бапкердің қазасы жайлы "Енисей" ФК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

"66 жасқа қараған шағында ресейлік танымал бапкер Александр Ирхин өмірден өтті. Ирхин 2000 жылы сонымен қатар 2001-2002 жылдар аралығында красноярлық "Металлург"-ті жаттықтырды. "Енисей" ФК Александр Сергеевичтің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Александр Ирхин спорттағы мансабын 1981 жылы бастаған. Осы жылдар аралығында ол "Тюмень", ставропольдық "Динамо", "Кубань", "Факел", "Черноморец", красноярлық "Металлург", "Енисей" ФК сынды командалармен жұмыс істеген.

Ол сонымен қатар "Жеңіс", "Астана" құрамаларына басшылық еткен. Елордалық командалар оның басшылығымен Лига чемпиондардың біліктілігіне қатысқан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel