RU
Ақтөбеде 15 бала тәрбиелеген батыр әке қуаныштан көзіне жас алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 15 бала тәрбиелеген батыр әке қуаныштан көзіне жас алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде көпшіліктің алдында балаларына алғыс айтқан 81 жастағы қария көз жасына ерік берді. Есқуат Қошаманов 15 бала тәрбиелеген батыр әке деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Есқуат Қошаманов жұбайымен

Есқуат Қошаманов жұбайымен

Ақсақал Есқуат Қошаманов "Менің әкем" әлеуметтік жобасында жеңімпаз атанған қос қарияның бірі. Байғанин ауданы Қопа селосының тумасы. 40 жастан асқанда әйелі өмірден озған қария 12 баласымен қалған. Ағайынның араласуымен екіншірет үйленіп, бүгінде 15 баланың әкесі.

"Осылай төрге шығарған балаларыма мың алғыс. Өзім толқып тұрмын. Алла, елімді қайғы-қасіреттен сақта, айналамыз аман, балаларымыз бақытты болсын. "Адамдықтарыңды сақта" деп өсірген ұл-қызым осылай алдарыңа әкелді. Алла барлықтарыңызға саналы ұрпақ берсін", - дейді сахнада тұрып көзіне жас алған Есқуат Қошаманов.

Ал "Менің әкем" әлеуметтік жобасында жеңімпаз атанған екінші қария 15 балалы әкенің бажасы болып шықты.

Жоба жеңімпаздары

Жоба жеңімпаздары

"Бұл кісі менің туған бажам. 1982 жылы жолдасы қайтып, 12 баламен қалды. Кейін екі баласы бар келіншек алып, одан ұлды болды. Екеуі қанаттыға қақтырмай 15 баланы жеткізді. Бұл әйел – нағыз батыр ана! Нағыз қазақ қызы үлгі алатын ана! Үйге береке әкелетін әйел. Ана мен әкенің аузы бір болып, сөздері бір жерден шықса бала да тату болады. Ал келіннің жақсы болуы төркінге байланысты. Төркіні түртпектеп әңгіме айтпаса, ештеңе сұрамаса бәрі жақсы болады",- деді Қайырхан Шәмшин.

Ал Есқуат қарттың қыздары екінші аналарына алғыс шексіз екенін айтады.

"Біздің шешеміз ерте өмірден озды. Ол кезде мен бар болғаны 5 жаста едім. Сіңілім 1 жас 8 айында қалды. Бізді асыраған, осындай дәрежеге көтерген екінші анамыз – Рахила Қайшекенова. Бізді ыдыратпай бауырына басқан ол кісіге алғысымыз шексіз. Әкем екеуі 37 жылдай отасып келеді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, шөбересінің қолынан су ішіп отырған ардақты әке мен ана. Әкеме деген ықыласым шексіз. Ол барлық құрметке лайық адам", - дейді Асылай Қошаманова.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Менің әкем" әлеуметтік жобасы Ақтөбеде екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Журналист Жаңалық Ахаш асқар тау әке беделіне құрметпен қарауға әлеуметтік жоба арқылы үлес қосып жүр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
33
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel